Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Түркістан облысы бойынша өкілдері Сайрам ауданы әкімдігінің Құрылыс бөлімі басшысының қылмысын әшкереледі, – деп хабарлайды Tengrinews.kz бюроның ресми өкілі Нұрлан Жахинға сілтеме жасап.
“Ақшаны ол делдалдар арқылы алып отырған. Күдікті Сайрам ауданы Ақбай ауылындағы орта мектепке қосымша корпус салу бойынша мемлекеттік тапсырыстар туралы жалпы сомасы 400, 5 миллион теңге болатын келісімшарт жасасқан”, – делінген хабарламада.
Күдікті қазіргі уақытта ұсталып, қамауға алынды. Делдалдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.