Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
20
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Түркістан облысында пошта қызметкері 3,8 млн теңгені алып, қашып кеткен

180

«29 қараша күні Отырар аудандық полиция бөліміне пошталардың бірінен қатынас хат келіп түскен.

Онда мекеменің бір қызметкері бөтеннің ақшасын заңсыз иемденіп, белгісіз бағытқа бой тасалағаны айтылған.Аталған жайт Отырар полиция бөлімінде тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қызметкерлерден құралған жедел тергеу тобы оқиға орнына келіп, мекеме қызметкерінің жалақыға бөлінген 3 800 000 теңге ақшаны алып кеткенін анықтады» делінген хабарламада.

Тәртіп сақшыларының жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті Тараз қаласынан ұсталды.

Тергеп-тексеру барысында айғақ зат ретінде ұрланған ақшаның бір бөлігі, яғни 1 миллион теңгесі тәркіленді. Қалған ақшаны ол өз қажетіне жаратып жіберген. Күдіктіден қолхат алынып, үйіне жіберілген.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз