Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Түркіменстан президенті кезекті жаңа кітабын тағы да әкесіне арнады

Мемлекет басшысы әкесінің өмірлік жолы өзіне үлгі екенін, ата-бабаларының адамгершілік қасиеттері өмір мектебі екенін жазған.

Түркіменстан президентінің жарыққа шыққан кезекті кітабы отбасы мүшелеріне арналған. Осыған дейін де “Довлет гушы” деп аталатын әкесіне арналған, “Алем ичре ат гезер” деп аталатын атасына арналған кітаптары жарық көрген.

2007 жылдан бері Түркіменстанды билеп отырған Бердімұхамедов әртүрлі тақырыптарда, олардың ішінде тарих, экономика, емдік өсімдіктер, түркімен ұлтының дәстүріне арналған 40-қа жуық кітап жазды. Президент бір ғана 2016 жыл ішінде 7 кітап жазып үлгерген.

Түркіменстанның орта мектептерінде мұғалімдер міндетті түрде президент кітаптарынан үзінді келтіріп отыруы тиіс.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз