Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Түркімен қаскөйлері қазақ даласынан ауып барған ақбөкендерді өлтіріп жатыр

436

Осылай деп Азаттықтың түркімен қызметі хабарлайды.

«Олар негізінен билікте істейтін немесе күш құрылымында байланысы бар адамдар. Олар 5-6 моторлы қайықпен келіп, күніне мыңға жуық жабайы құстарды атады», – деген жергілікті аңшы.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, атылған құс еті базарларда сатылып жатыр.

«Тапшылықтың салдарынан біз жабайы құстардың етін сатып алып жатырмыз. Олар жарты келі етті 40 манатқа сатып жатыр», – деді Эсенгулы ауданының аңшысы тілшіге берген сұқбатында. (Түркіменстан Орталық банк бағамы бойынша 1 АҚШ доллары – 3.5 манат)

Жабайы құстардан бөлек, ақбөкендер қазақ даласындағы қалың қыстан қашып келіп жатыр. «Балкан уәлаятының солтүстігіндегі Чолун гыры, Бегарслан және Гаплангыр қорықтарына қазақ даласынан ақбөкендер ауып келіп жатыр. Бірақ мұндай қастерлі аңдарды да қаскөйлер атып жатыр», – дейді құқық қорғау органдарындағы қызметкер.

Оның сөзінше, ақбөкендерді өлтіріп жатыр деген хабар жеткен соң, полиция қызметкерлері жазық далаға шыққан. «Біз көліктегі цистернадан қан ағып жатқанын байқадық. Барып тексерсек, 43 киікті өлтіріп, цистернаға тығып тастапты», – дейді жергілікті полиция өкілі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз