Бұл туралы Instagram желісінен белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz.
Күні кеше Бурак өзінің әріптесі Фахрие Эвдженге үйленді. Неке қию рәсімі Босфор бұғазының жағалауында өтті.
Бурак Озчивит Қазақстан көрермендеріне жақсы таныс. Әсіресе, “Өшпес махаббат” (Кемаль) фильміндегі образынан кейін елімізде Бурактың фанаттары көбейген.
Кино саласының қос майталманы бірнеше жылдан бері кездесіп жүрген. Ал биылғы жылдың басында Бурак дәл өзінің туған күнінде Фахриеге жүрегін ұсынған болатын.
Айта кетейік, Бурак пен Фахрие бірнеше фильмде (“Любовь похожа на тебя”, “Королек птичка певчая”, және т.б.) бірге ойнаған. Бұдан өзге, Бурак әйгілі “Сұлтан Сүлеймен” телехикаясында Бали Бейдің рөлін сомдаса, Фахрие қазақстандықтарға жақсы таныс “Үзілген жапырақтар” сериалында Неджланың рөлін ойнаған.