Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
427
+0.61
EUR
497
+0.71
RUB
6.04
+0.05

“Түріктер қызбен танысқанда ниетін жасырмайды” – Түркиядағы қазақ қызы

952

Туып-өскен жеріңіз қайда? Түркияға көшкенге дейін қай қалада тұрып, немен айналысып едіңіз?

Орынборда туғам. Екі жасымда әке-шешем Оралға, сосын Ақтөбеге көшіп келіпті. Балалық шағым мен жастық шағым Қазақстанда өтті. Ақтөбеде университет бітіріп, Алматыда шетелдік компанияда 7 жыл бойы жұмыс істедім. Қазақстандағы соңғы жұмыс орным – швейцариялық банктің өкілдігі болатын. Сосын ғашығымды кездістірдім.

Түркияға 2001 жылы көштік. Қазақстанда бір тойымыз, Түркияда бір тойымыз өтті. Түркияға барғаннан кейін кеңсе қызметкерінен үй шаруасындағы әйелге айналдым.

Түркияның жергілікті адамдары сізге қалай қарады?

Басында маған және біздің баламызға сұқтанып қараушыларға үйрене алмадым. Бірақ түріктер негізінен қол ұшын созатын, мейірімді адамдар.

Қазақстан мен Түркияның ерекшелігі неде?

Түріктер ит пен мысықты жақсы көреді. Көшеде қаңғып жүрген жануарды көрсе, тамағын беріп, басынан сипайды. Түріктердің мейірімділігі – ұлттық ерекшелігі. Бұл жағынан қазақтарға өте ұқсайды.

Түркияда дәрігерлер мен мұғалімдердің жалақысы жоғары. Бірақ жекеменшік кәсіпорындарда айлық аз. Қазақстанда керісінше емес пе?

Қазақ пен түріктің жейтін тамақтары мүлдем ұқсамайды. Түріктер балық, көкөніс және ұннан жасалған тамақтарға құмар.

Түріктің еркектері мен қазақ еркектерінің айырмашылығы неде?

Ол енді әр адамның тәрбиесі, біліміне байланысты келетін шығар. Бірақ қызға көңіл білдіруге келгенде айырмашылық бар. Түріктер ашық, қызға қандай мақсатпен, нендей ниетпен қырындап тұрғанын жасырмайды. Түрік жігіті сізге үйленгісі келсе, оны бірден байқайсыз.

Түркияда қызбен құр секс үшін танысатындар жоқ

Олар қызға да, әйеліне де гүлді жиі сыйламайды. Олар үшін сезім маңызды. Неке – олар үшін тым қасиетті, бәлкім менің күйеуім сондай болғандықтар шығар (күледі). Бірақ бұл жақта әйелдерге жөн-жосықсыз еркекпен сөйлесуге болмайды. Қазақстанда бірнеше қызбен қатар жүретін жігіттер болатын.

Жалпы, Түркиядағы еркек пен әйел қарым-қатынасы Еуропаға жақын, тең құқылыққа талпынады. Бірақ Түркияда әйелдің жұмыс істеуін құптамайды. Дәстүрге сәйкес, әйел үйде отыруы керек, еркек оны қамтамасыз етуі тиіс. Түріктер бала туарда да көп ойланады, ол баланың болашағын қамтамасыз ете аламын ба, деп уайымдайды.

Қазақстанға қайтқыңыз келмей ме?

Дәл қазір жоқ, Түркияда менің отбасым тұрады: күйеуім мен қызым, туысқандарым мен достарым. Әрине, Қазақстандағы туған-туыстарымды өте қатты сағынамын. Бәрін уақыт көрсетер.

Басқа ұлтқа күйеуге шыққан қазақ қыздарын құптамайтын қазақстандықтар сізге тіл тигізбей ме?

Менің жолым болды! Ондайларды кездестірмедім. Бәлкім, күйеуім мұсылман болғандықтан шығар. Интернетте неше-түрліні жаза береді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз