Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Түрікменстандағы коронавирус: билік барлық ақпаратты құпия ұстап отыр

393
Сурет pikabu.ru сайтынан алынды

Түрікменстан билігі елде коронавирустың таралуына қатысты ешқандай пікір білдірмей отыр — деп хабарлайды Азатлық радиосы.

Белгісіздік адамдардың үрейін қашырды. Тіпті ешқандай қауіп жоқ дегеннің өзінде, халық сенімсіздік білдіріп отыр.

Вирустың атауы бір ғана жерде аталды. Сыртқы істер министрлігінің сайтында халықты қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша барлық шара қабылданды делінген.

— Барлық ақпарат құдды бір мемлекеттік құпия секілді. карантинге түскен азаматтар оқшау орналастырылып, телефонсыз және интернетсіз қалған. Қандай да бір ақпарат алу немесе өзі туралы ақпарат беру құқығынан айырылған, — деп 5 ақпан күні тілшілердің бірі хабарлады.

Билік алдын алу шараларын шынымен де қолданып жатыр. Кейбір мәліметтер бойынша Қытайдан келгендерді елдің шығысында орналасқан Лебап велаятындағы оқшаулағышқа орналастырып жатыр. Мұнда вирусолог мамандар келіп, жергілікті базарларда жылу қойғыштар орнатуды талап етуде, мемлекеттік мекемелерде санитарлық өңдеу жұмыстары жүргізілуде.

Бірақ  шенеуніктер де, мемлекеттік БАҚ өкілдері де бұл туралы хабар таратып, пікір білдіріп жатқан жоқ

Сондай-ақ, 29 қаңтарда Қытайдан келгендерді Ахал велаятына қарасты Душак ауылындағы карантинге жіберді.

— Карантиндегі адамдардың тамақтану және өмір сүру жағдайына көңілдері толмайды, — деп жазған портал тілшілері.

Ал келіп жатқан адамдар ағыны тоқтар емес.

— Бүгін Пекинде білім алып жатқан студенттерді Түрікменабадтағы халықаралық әуежайға әкелді. Олар бір ай шатырдан тігілген лагерлерде карантинде болады, — деп 4 ақпанда Лебап велаятындағы тілші хабарлады.

Велаятта ауа жолдары мен тамшылар арқылы берілетін аурулардан сақтану туралы ескертулер жапсырылуда. Бірақ қандай ауру екенін нақты айтпайды.

Түрікменше бизнес

Орталық билік ешқандай пікір білдірмесе де, шағын ортада үрей туғызбау туралы басу айтып жатқандар бар.

— Мар қаласындағы мектептердің бірінің директоры оқушыларға қытайлық вирус жоқ, бетперде іздеп, үрей туғызбаңдар деген, — деп хабарлайды 5 ақпан күні Азатлық тілшісі.

Аймақтағы көптеген мектепте жиналыстар өтті. Онда мұғалімдер мен ата-аналардан

байбалам салмауды сұрады. Бірақ балалардың жарты сағат сайын қолын жуып, тек қайнатылған су ішуін қадағалаңыздар деді.

Дегенмен азаматтардың қорқынышы басылар емес.

— Оқушылар мектепке маскамен келеді. Біздің елімізге вирус келсе де, халық ол туралы білмейді. Себебі бізде бәрі құпия, — дейді Мар қаласының тұрғыны.

Портал тілшілерінің пікірінше, кейбір мекемелерде өңдеу жұмыстарын жүргізетін хлор жоқ, дәріханаларда вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер жетіспеуде.

Туркменньюс порталы Түрікменстан коронавирустың таралуының алдын алу үшін  Өзбекстанмен шекарасындағы «Шават» және«Фарап» бақылау-өткізу бекеттерін жапты деп хабарлады. «Шават» БӨБ-і ең кем дегенде 14 ақпанға дейін жұмыс істемейді.

Өзбекстанның Мемлекеттік кедендік комитеті берген ақпаратқа сәйкес олардың тарапындағы өткізу бекеттері қалыпты режімде жұмыс істеп тұр. Дегенмен, қаңтардан бастап

Өзбекстандық тарап санитарлық қадағалауды күшейтіп, тек медициналық маска кигендерге ғана шекараны кесіп өтуге рұқсат беруде

Талапты орындамаған адамдарды кері қайтаруда.

Ал түрікмендер бизнесте пайда тауып үлгерді.

түрікменстандық бақылау өткізу бекеттерінің алдында маскаларды 3 манаттан сатып жатыр. Ал қала дәріханаларында осы маскалардың 3 данасы 2 манат тұрады

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз