Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
21
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Түрікменстандағы ашаршылық: азық-түлік қымбаттап қана жатқан жоқ, таусылуда – БАҚ шолуы

Фото: Shutterstock.com

Түрікменстанда Мары уәлаятындағы азық-түлік дағдарысының шиеленісуі аясында ет, өсімдік майы мен жұмыртқа бағасы күрт көтерілді, – деп хабарлайды Азатлык.

2021 жылдың шілде айында ет кем дегенде 30 пайызға қымбаттады

Бағаның үздіксіз өсуі салдарынан ел азаматтарының көбі күнкөріссіз қалды. Осыған орай тұрғындардың наразылығы да артып келеді.

Бір айда ет бағасының 30 пайызға қымбаттауы мал шаруашылығындағы елеулі құлдырау туралы есептермен сәйкес келді. Мал өсірушілер мұны өткен қыстағы күннің қатты суық болуының, көктем мен жаздағы құрғақшылыққа байланысты мал азығының болмауың кесірінен деп түсіндіреді, соның салдарынан ірі және ұсақ малдың көбі қырылып қалды.

Сондай-ақ, Марыда басқа да азық-түлік бағасы өсті. Шілде айының соңында 1 литр тазартылмаған мақта майы 60 манат, ал бір литр күнбағыс майы 65-75 манат болды. Салыстыру үшін, наурыз айында базардағы күнбағыс майы литріне 35 манат, ал мақта майы 30 манат болған.

Сондай-ақ, 1 чорек (түрікмен наны) ұнның сапасына байланысты 6-дан 15 манатқа дейін. 1 жұмыртқа 2 Манат, ал үй жұмыртқалары 2,5 манат тұрады.

Ресми бағам бойынша бір жұмыртқаның құны 0,7 АҚШ долларын құрайды

Кәсіпкерлер дүкендерін жабуда

Портал халықтың өмір сүру деңгейі де нашарлап бара жатқанын атап өтті. Мысалы, қоқысты ақтарып жүретіндердің,  әсіресе оның ішінде балалардың саны айтарлықтай өскен.

– Ет бағасы 100 манатқа дейін өсті. Орташа жалақысы 1240 манат тұратын отбасылар ет сатып ала алмайды. Бірақ бюджеттік ұйымдарда ешкім жұмыс істемейтін отбасылар көп, сондықтан олардың табысы жоқ. Мұндай отбасылардың өмір сүруі қиын.

Олар қарапайым нан мен шай сатып ала алмайды,

ыстық тамақ пісіруді айтпағанда, – дейді өзін Менгли деп таныстырған жергілікті тұрғын.

Жекелеген дүкендердегі сөрелердің көпшілігі бос. Себебі, күн сайын қымбаттап бара жатқан тауарларды сатып алушылар жоқ.

– Халықтың көпшілігінің мұндай бағамен сатып алуға мүмкіндігі жоқ. Бұл тауарлар уақытында сатылмайды, сосын бұзылып кетеді. Ал біз шығынға батамыз. Сондықтан біз ондай тауарды алып келуді тоқтаттық. Көптеген кәсіпкерлер дүкендерін жауып, бизнесін тоқтатуда, – дейді Марылық кәсіпкер.

Түрікмен билігі мен мемлекеттік БАҚ экономикалық дағдарысқа, жұмыссыздыққа, азық-түлік тапшылығына және бағаның өсуіне байланысты мәселелерді түсіндірмейді немесе жарияламайды. Бірақ сонымен бірге олар елдегі экономикалық әл-ауқат жақсы деуін жалғастыруда.

— Біз азаматтарымызға әлемдік стандарттарға сай өмір сүру деңгейін қамтамасыз еттік, – деді Президент Гурбангулы Бердімұхамедов сәуір айында Халк Маслахатаның соңғы сессиясында.

Жоспар жалған есеп беру әдісімен жүзеге асырылуда

Түрікменабадта бақша және коммуналдық шаруашылық қызметкерлеріне 5 тамыздан бастап мақта жинауға жаппай шығу тапсырылды. Алайда, ресми түрде мақта жинау науқаны шамамен 20 күннен кейін басталуы тиіс.

Мақта ерте гүлдей бастағанына қарамастан, көптеген фермерлер түсімнің аздығына алаңдаулы. Үкімет есеп берген “мол өнім” туралы, мақта тұқымының жетіспеушілігі мал азығы мен мақта майының тапшылығына әкелді.

Журналистер елде жалған есеп беру тәжірибесі “гүлденіп келеді” дейді. Үкімет жыл сайын мол өнім туралы есеп берсе де,

іс жүзінде мемлекеттік жоспардың жартысы да орындалмайды

— Дәл осы тәжірибе азық-түліктің жетіспеушілігіне және мал азығының қымбаттыуына себеп болып отыр. Нәтижесінде көптеген отбасылар малдарын сатты. Мал басы азайып, нарықтағы сиыр етінің бағасы көтерілді. Тілші сиыр етінің орташа бағасы осы аптада 75 -тен 80 манатқа көтерілгенін хабарлады. Тіпті шошқа еті 45 манаттан 65 манатқа дейін қымбаттаған, тауық еті сөрелерден мүлдем жоғалып кетті,— деп жазады портал.

Бұл тапшылық мал шаруашылығының жалпы төмендеуіне, мал фермаларының жабылуына байланысты пайда болды. Жеке қосалқы шаруашылықтарда да мал басы едәуір азайды. Сонымен қатар, билік елге ет өнімдерін әкелуді тоқтатты.

Соңғы рет олар 2020 жылдың қараша айында Үндістаннан әкелінген

Билік ол елден коронавирустың келінуінен қорқатындықтан, импортты тоқтатқан.

Мүмкін, тұқым, май, жем және еттің қымбаттауына байланысты Түркіменстан билігі мақта жинау мәселесіне ерекше алаңдаушылық білдіруде.

Жергілікті бақылаушылар Үкіметтің азық-түлік тапшылығы мәселесін жақын арада шеше алатынына күмән келтіреді. Нәтижесінде ет бағасы жақын арада 100 манатқа дейін көтеріледі. Ал бұл

орташа есеппен айына 1240 манатқа өмір сүретін түрікмен отбасыларының көпшілігі ет сатып ала алмайтынын білдіреді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз