Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-12
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

Түрікмендер коронавирустың алдын алатын «бірегей әдіс» ойлап тапты

1287
Түрікменстандағы әскери шеру. Сурет ашық көздерден алынды

Бұл туралы «Репортеры без границ» ұйымы жазды деп хабарлайды Lenta.ru. Құқық қорғаушылардың мәліметінше, елдегі барлық БАҚ өкілдеріне тарататын ақпаратта «коронавирус» деген сөзді қолдануға тыйым салған. Оны тіпті Түрікменстанның Денсаулық министрлігі оқу мекемелеріне, ауруханалар мен жұмыс орындарына таратын арнайы брошюралардан да алып тастаған. 

«Ал көшеде маска киіп жүрген және әлемдегі коронавирус пандемиясы туралы сөз қозғаған азаматтарды ішкі істер органдарының қызметкерлері тұтқындай алады», — делінген хабарламада.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, Түрікменстанда коронавирус жұқтырған бірде-бір жағдай тіркелмеген. Ал бұл елге көршілес Иранда COVID-19  3 мыңға жуық адамдардың өмірін алып кетті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз