Филология ғылымдарының докторы Мекемтас Мырзахметов оңтүстік өңірін “Тұран” облысы деген атауға өзгертуді ұсынды, деп хабарлады TVK телеарнасына сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.
https://kaz.365info.kz/elimizde-on-besinshi-oblysty-khyru-ysynyldy-310735
Бүгіннің өзінде күнгейде 1100-ден астам көшенің атауы жоқ. Сондай-ақ өңірде идеологиялық тұрғыдан ескірген елді мекен мен бірқатар нысандарда бар. Енді олар ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаумен өзгертілмекші.
https://kaz.365info.kz/prezident-nazarbaev-rajymbek-audanyn-ekige-boletin-zharlykh-shygardy-309014
Соңғы ақпарға сәйкес,
Оңтүстіктегі 930 елдімекенде 11 мың 263 көше бар. Бүгіннің өзінде оның 1100-ден астамы атауы жоқтардың қатарына кіреді.
Бұдан басқа идеологиялық тұрғыдан ескірген “Чичерин”, “Дмитриев” сынды 12 елді мекен, 109 көше мен 7 нысанның атауы өзгертуді талап етеді.
Сондықтан ономастика комиссиясының мүшелері, ғалымдар, тілдерді дамыту бөлімінің мамандары үшінші мегаполисте өткен облыстық конференцияда бас қосты.
https://kaz.365info.kz/biyl-nauryzda-almaty-oblysynda-eki-zhana-audan-pajda-bolady-303452
Жиынға қатысушылар өзгертілетін атаулар ұлттық танымға тән жер су аттары мен дәстүрлі атаулар болуы қажет дейді. Алдағы уақытта конференция барысында ұсынылған атаулар жинақталып, кезекті ономастикалық комиссияда қаралатын болады.