Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-11
USD
496
-2.06
EUR
523
-2.87
RUB
4.94
-0.03

Тұрақты экономика құруға Қазақстанға жапондық модель көмектеседі – сарапшы

144
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған жаңа экономикалық бағытқа қарамастан, ел экономикасындағы ахуал тұрақсыз болып қалуда. Ресейдің Украинамен соғысы өз әсерін берді: теңгенің бағамы рубльден кейін әлсіреді, бүгінде бір долларды 500 теңгеге сатып ала аласыз. Болашақта Батыстың Ресейге қарсы салған санкциялары біздің экономикамызға қалай әсер ететіні әлі белгісіз.

Экономиканы сыртқы әсерге соншалықты сезімтал ететін тұрақсыздықтың тамыры қайда жатқанын түсіну маңызды. Бұл үшін экономиканың нақты субъектілерімен емес, жүйелік шаралармен күресу керек. “Банк ЦентрКредит”АҚ Басқарма Төрағасы Ғалым Хусаинов осылай деп есептейді.

Дамыған елдердің әдістері

— Қазақстандағы негізгі проблема жекелеген олигополиялардың болуынан да әлдеқайда тереңде. Бізде бұрыннан алдымен экономика, сосын саясат деген пікір қалыптасқан. Дамыған елдерде ешқашан олай жұмыс істемейді: оларда алдымен саясат, содан кейін экономика. Бізге де алдымен саяси реформалардан бастау керек. Саясатсыз, жұмыс істейтін институттарсыз ештеңеге қол жеткізе алмаймыз. Біз үнемі белгілі бір кедергіге тірелеміз және әрдайым бұрмаланулар болады.

Жапондарда Poka-yoke деген ұғымы бар (нөлдік қате принципі) – бұл нақты көрініп тұрған қате шешімдер қабылдауға мүмкіндік бермейтін жүйе

Біздің елде, өкінішке орай, мұндай жүйе жұмыс істемейді, ондай жүйе жоқ. Менің ойымша, соны жасаудан бастау керек. Ол дамыған институттарда құрылады: жұмыс істейтін соттар, жұмыс істейтін парламент, жұмыс істейтін ішкі істер органдары және т.б. Егер бұл институттар ашықтық пен сайлау жағдайында қалыпты және тәуелсіз жұмыс істесе, онда біз қаңтардағы оқиғалардың қайталануына мүмкіндік бермейтін жүйені құра аламыз”, — деді ол.

Не істеу керек?

Сонымен қатар, Құсайыновтың айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстандағы статистика нақты жағдайды көрсетпейді және бұл үлкен кемшілік. Кез-келген мемлекет қайраткері қаншалықты ақылды болса да, дұрыс деректер болмаса дұрыс шешім қабылдай алмайды.

— Бұған да назар аудару керек. Біз базалық нәрселерден бастауымыз керек.

Біз саяси реформалар жасаған кезде, Парламент, мәжілістер мен мәслихаттар жұмыс істеген кезде, дұрыс статистикамен қатар, біз объективті түрде келесі атқарылатын дұрыс қадамдарды да жасай аламыз

Себебі парламент пен сайлау органдары – ең алдымен, бір адамның қалауымен дұрыс емес шешім қабылдаудан қорғайды. Елдің басты қорғанысы – саяси институттарға негізделген даму.

Сурет: radiotochka.kz

Ел неғұрлым дамыған болса, соғұрлым ол қорғалған болады. Мысалы, Жапонияда оны қорғай алатын әскер саны көп емес, бірақ оған шабуыл жасауға ешкім тырыспайды, — деп атап көрсетті ғалым Хусаинов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз