Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
17
USD
447
0.00
EUR
476
0.00
RUB
4.79
0.00

Тұңғыш Президент Қоры жобаларын Павлодар облысында таныстырды

122

Биыл Жастар жылын Тұңғыш Президент Қоры Павлодар облысынан бастады. Бұл Қордың ат басын тіреген осымен сегізінші аймағы.

Тұңғыш Президент Қорының жұмысымен танысу оның өкілдері және облыс әкімі Болат Бақауовтың ресми кездесуінен басталды.

Кездесу барысында атқарушы директордың орынбасары Игорь Рогов Тұңғыш Президент Қорының қызметі туралы айтып берді.

«Біз жылына 100-ге жуық жоба өткіземіз. Олар адами капиталдың жинақталуына, бәсекелестігін жоғарлатуға және қазақстандықтардың жаңа генерациясын қалыптастыруға бағытталған. Біздер ғылым, мәдениет және инновацияның дамуына қызығушылық танытатын жас дарындарға көмектесеміз. Бұл бағыттардың барлығы Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жастар жылының ашылу барысында айтқан идеяларымен және қойылған міндеттермен сәйкес келеді», – деді ол.

Өз кезегінде облыс әкімі Б. Бақауов аймақта өскелең ұрпақты қолдауға арналған шаралар туралы мәлімдеді. Бұл жылы 500-ге жуық әлеуметтік және мәдени шараларды өткізу жоспарда бар. Соның ішінде жастарды жұмыспен және үймен қамту мәселесіне басымдық беріледі.

Тараптар жастарды қолдау мақсатында қарым-қатынасты нығайтуға және ынтымақтастықты қалыптастыруға келісті.

Кездесу соңында Қор атынан «Жастардың бастамаларын дамыту орталығына» компьютерлік құралдар алу үшін 3 млн. теңге көлеміндегі сертификат табысталды. Ресми кездесуден соң С. Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университетінде жастармен кездесу ұйымдастырылды. ҚР Тұңғыш Президенті Қорының, ҚР Мемлекеттік тілді дамыту қорының, Қор жанындағы жас ғалымдар Кеңесінің өкілдері және Лауреаттар Қордың шаралары мен конкурстары туралы айтып берді, шеберлік сағаттар өткізді.

Нәтижесінде 400 павлодарлық жас ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының жобалары мен «Smart zholy», «Алтын тобылғы», «Кто умнее?», «Ученые будущего», «Асыл мұра» секілді конкурстары туралы толығық мағлұмат алды, оларға қатысу жолдарымен танысты.

Айта кету керек, Павлодар облысының жастары Түңғыш Президент Қорының жобаларына белсенді қатысады. Осы күнге дейін 60 жас біздің конкурстарымыздың жеңімпазы болып, лауреат атанды.

Сонымен қатар Қор қонақтары «Астана – Ұлы даланың жауһары» фотокөрмесімен таныстырылды, ал классика өнеріне құштар қауымға Қордың Лауреаттары Наурыз мерекесіне арналған концерт берді.

Естай атындағы Қалалық мәдениет үйінің сахна төрінде белгілі өнер майталмандары, халықаралық конкурстардың жеңімпаздары – Сүндет Байғожин, Азамат Жылтыркөзов, Татьяна Вицинская, Дина Мирманова, Бибігүл Жанұзақ, Жібек Сапарғалиева, Марат Айтімбай, Ермек Құрманаев және т.б. өнер көрсетті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз