Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
15
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

“Түнгі аласапыран”. Жаркенттің маңындағы ауылдарды су басты (фото, видео)

155

Таулы аймақта 25-мамырда жауған жаңбыр Көктал ауылының маңындағы каналдардың суы тасуына себеп болды. Су тасқыны салдарынан 46 аулалы жер мен 11 тұрғын үйді су басқан. ТЖД жасақтары, жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері су басқан аумақтардан су сору жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта су тасу қауіпі жоқ.

“Кеше 17.00-мен 18.30 аралығында таулы аймақта жаңбыр жауып, Әулиеағаш ауылын су басты. Су тасқыны салдарынан жеті аулалы жер мен бір тұрғын үйді су басты. Көшелер мен аулалы жерлерден су сору жұмыстарына Алматы облыстық ТЖ департаментінің жеке құрамның тоғыз адамы жұмылдырылған және бір арнайы техника мен бір мотопомп жұмылдырылған. Атқарушы органдардан төрт адам және екі арнайы техника жұмылдырылды”, – деді Руслан Иманқұлов.

Тұрғылықты жайлар мен ғимараттардың бұзылғаны тіркелмеген. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз