Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

«Түн ортасы ұшып кеттік көкке біз»: Астанада болған қайғылы жағдай жұртты дүр сілкіндірді

851

Әсіресе, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымоваға сын айтылып жатыр: дәл осы ведомство халықтың осал топтарын қорғауға жауапты. Министрдің жақында ғана айтқан мәлімдемесі отқа май құйғандай болды, ол көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы тым жоғары деген болатын.

Астанадан жеткен қара хабар блогерлік қауымдастықты Әбілқасымованың айтқан сөзін қайта еске алдырды: «мемлекеттен миллиондап ақша алатын ата-аналар» неге түнделетіп жұмыс істеуге мәжбүр? – дейді блогерлер.

Философия ғылымдарының докторы Кеншілік Тышханның өлеңі көпті тебірентіп, көзге жас алдырды.

Еске сала кетейік, Астанада жекеменшік үйдегі өрт салдарынан бес бала қаза тапты. Қайғылы оқиға Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде болды. От сөндіру барысында 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылдары дүниеге келген бес баланың мәйіті табылған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз