Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Түменова: Коронавирус Қазақстанда тек денсаулық сақтау проблемаларын ғана ашқан жоқ

Бахыт Туменова, Сурет ru.sputniknews.kz сайтынан

Бюрократия, шенеуніктердің  денсаулық сақтау саласындағы басты проблемаларды түсінбей жатқанда, емделушілер үшін жыл ортасында ауырып қалу қауіпті. “Аман-саулық” қорының президенті Бақыт Түменова COVID-19 пандемиясының ауыр салдары мен жіберілген қателіктері  2021 жылы зерделеніп, талданып, түзетілуі тиіс деп есептейді.

Алда қателерді талдау уақыты

Бақыт Ниязбекқызы, халықаралық медициналық қоғамдастығы 2020 жылдың соңында адамзат коронавирустық инфекциямен қатар өмір сүруі мүмкін екенін жариялады. 2021 жылды сіз қауіптер мен перспективалар тұрғысынан қалай көресіз?

– Пандемия толқыны 2021 жылы да жалғасуы мүмкін, өйткені вирус мутацияға ұшырап жатыр. Ол тұмау сияқты үнемі өзгеріп отырады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының коронавирус мутациясы оны неғұрлым жұқпалы етеді, бірақ зардаптары азырақ болады деген мәлімдемелері бар.

Адамзаттың соңғы тарихында COVID-19 пайда болғанға дейін құс пен шошқа тұмауыда адам өмірін әкетіп жатыр.

Вирустар бактериялық ауруларды алмастырды, біз оларды антибиотиктердің арқасында

өткен ғасырдың 70-80 жылдарынан бастап басқарып үйрендік. Өңірлерде сібір жарасы, сальмонеллез, ал перзентханаларда көк ірің, стрептококк және стафилококк инфекциялары өршіді. Бірақ, табиғатта бос кез болмайды. Вирустар белсенді бола түсіп, мутациясыға ұшырап пайда болғаннан кейін ізсіз жоғалып кетпеді. 

Короновирусқа қарсы вакцина пайда болады. Бірақ көптеген адамдарда ұжымдық иммунитеттің арқасында ауру саны біртіндеп төмендейді. Оның мутациясы қанша уақытқа созылатындығын ешкім нақыт айта алмайды. Бірақ жыл сайын ауырудың ауыр формалары азая бермек.

– Неге дайындалу керек?

— Әрбір ел өткенді ұғынып, орын алған жағдайға объективті талдау жасап, жіберілген қателерді анықтау керек. ДДҰ деңгейінде барлық нәтижелерді қорытындылап, коронавирустық пандемия сияқты болашақ індеттер жағдайында тактиканы айқындау керек. Ертеңгі болатын жағдайлардан ешкім сақтандырылмаған.

Өйткені, тіпті емдеу хаттасының өзі нақтыланбады, белгілі бір дәрі болмаған кезде аурудың зиянын азайту маңызды екенін түсінгенге дейін үнемі өзгеріп отырды. Әлем қолды жууды, бетперде киюді және әлеуметтік алыстауды үйренді. Егер бұл сақтық шаралары болмаса, ауру көп болар еді.

Денсаулыққа зиянын азайту

– 2021 жылы қазіргі заманғы медицина коронавирустық инфекцияны емдеудің тиісті және жалпыға бірдей қолданылатын хаттамасын табады деп ойлайсыз ба? Өйткені, тіпті емделмейтін АИТВ-жұқтырғандарды да қолдауды үйрендік.

— Әрине табады, тәжірибе бар. Осының арқасында Қазақстанда 2020 жылдың маусым-шілде айларында ел басынан кешкен қорқыныштың қайталануына жол берілмеді. Мен мына нәрсеге назарыңызды аударғым келеді,

адамзат денсаулығы тек медицинаның ғана емес, адамның өз қолында

Профилактикалық жұмыс және әркімнің өз алдындағы жауапкершілігін арттыру – Халықаралық денсаулық шкаласындағы негізгі компонент болып табылады. Ол бойынша Медициналық қызмет көрсету жүйесінің адам денсаулығына әсері бар болғаны 10% – ды құрайды. Қалғаны- экология, алдын алу және өмір сүру салты.

Дәрігер мен емделушінің одағы

— Қазақстандық медицинаның тағы бір маңызды мәселесі – сирек кездесетін аурулар, оларға қарсы елде емдеу әдістемелері жоқ. Шетелде емделуге квота алу үшін адамдар жылдар бойы денсаулық сақтау министрлігінің табалдырығын тоздырады. Сізде қандай ұсыныстар бар?

— Біз – ашық елміз. Өз азаматтарымызды шетелге емделуге жіберіп қана қоймай, мұнда білікті көмек көрсете білу үшін әлемдік тәжірибені үйренетін кез келді. Мастер-кластар, серіктестіктер, емдеудің жаңа түрлерін енгізу мүмкін. Әрине, бұл барлық сирек кездесетін ауруларға қатысты емес. Кейбір жағдайларда бізде мамандар жоқ. Сонда мемлекет шетелде көмек көрсету мәселесін барынша жедел шешуі керек.

— Бізде бұл процесс, өкінішке орай, бюрократтандырылған.

– Шенеуніктерді Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау жүйесінен мәселені түп қазығынан білетіндерді, тәжірибесі бар және мейірімділерді іріктеу керек.

Ең үлкен қателік, сирек кездесетін аурумен ауыратын инвалид баланың дәріні уақытында ала алмауы, себебі ол препаратты реестрге тіркегенше баланың абайсыздықта ауырып қалғаны.

Заң адамдарға жұмыс істеуі керек, керісінше емес. Медицинада 14 мыңнан астам аурудың түрі белгілі. Олардың әрқайсысы әр адамға әр түрлі әсер етеді. Сондықтан емдеуге деген көзқараста соған сай болуы керек. Коронавирустық инфекция медицина қызметкері мамандығының маңыздылығын көрсетті. Онда кәсібилікке, жақындыққа және қарым-қатынас жасай алмауға орын жоқ.

Медицинадағы шағымдардың 70% – ы дәрігерлердің пациенттермен байланыс мәселесі. Сенім мен беделге нұқсан келген.

Алда көп жұмыс бар. Міндеттердің бірі – ақшаның жоқтығынан соңғы екі жыл жұмыс істемеген телефон арқылы жедел желі бойынша консультацияларды қайта бастау. Ол кезінде өзінің тиімділігін көрсетті – 11 жыл ішінде біз 33 мыңнан астам азаматтардың өтініштерін қабылдадық.

Сонымен қатар, биыл біз денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, азаптаулар мен зорлық-зомбылық құрбандарының дене жарақаттарын және психо-эмоционалды жағдайын тіркеу бойынша жаңа медициналық нысанды енгіздік. Жалпы, ҮЕҰ-да мемлекет үшін құнды идеялар көп. Ең бастысы бізді естулері.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз