Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-6
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

Тұмаудың, ЖРВИ және COVID-19 коронавирустық инфекциясының алдын-алу

147

Аурудың белгілері әдеттегі тұмауға ұқсас. Аурудың ауырлығы бірқатар факторларға, соның ішінде ағзаның жалпы жағдайы мен жасына байланысты.Ауруға қарт адамдар, жас балалар, жүкті әйелдер және созылмалы аурулары бар және иммунитеті төмен адамдар бейім.

Мыналарды білу керек:

1-қағида. Кез келген қоғамдық орындарға барғаннан, көлікке отырғаннан, есік тұтқаларын, ақша, кеңсе техникасын ұстағаннан кейін тамақ ішер және тамақ дайындар алдында қолыңызды сабынмен жуыңыз. Су мен сабын болмаған жағдайда зарарсыздандыратын құралдарды немесе бір рет қолданылатын дымқыл майлықтарды қолдану қажет. Жуылмаған қолдарыңызбен бетіңіз бен көзіңізді ұстамаңыз.

2-қағида. Жұмыс орны мен үй-жайлардың гигиенасын сақтаймыз.Үстелдердің, орындықтардың, есік тұтқаларының, гаджеттердің, пернетақталардың, мониторлардың, портфельдердің, сөмкелердің бетінен вирустарды кетіру үшін оларды тұрмыстық жуғыш заттармен зарарсыздандырыңыз.

3-қағида. Жалпы гигиенаны сақтаңыз. Күн сайын душ қабылдап, шашыңызды жуыңыз. Шаштың жинақы болуына көңіл бөліңіз. Күнделікті бет пен мұрын жолдарын  ағын сумен 3-4 рет шайыңыз. Қол алысу, бет сүю мен құшақтасуды шектеңіз.

4-қағида. Медициналық масканың көмегімен тыныс алу мүшесін қорғаймыз. Медициналық маскалар адамдар көп жиналатын орындарға барғанда, қоғамдық көлікте жүргенде, науқастарға күтім жасау кезінде және ауру адамдармен қарым-қатынас жасағанда қолданылады.Өзіңізді инфекциядан қорғау үшін масканы дұрыс кию маңызды.

5-қағида. Алғашқы белгілер пайда болған кезде не істейміз? Қарым-қатынасты шектеу. Үйде болыңыз және медициналық көмек алу үшін медициналық мекемеге хабарласыңыз. Тамақтану және су ішу үшін жеке ыдысты пайдаланыңыз және оны жуғыш заттар арқылы жеке губкамен жуыңыз.

6-қағида. ІССАПАРҒА НЕМЕСЕ ДЕМАЛЫСҚА ШЫҒУ КЕЗІНДЕ

Вирустық инфекцияның, соның ішінде коронавирустық COVID-19-дың таралу қаупі бар аймаққа барудан аулақ болыңыз. Қауіпті аймақтағы елге барған жағдайда, оралғаннан кейін 14 күн ішінде біреумен қарым-қатынас жасаудан аулақ болыңыз.

Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз