Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Түк “позор” емес…”. Әбдіжаппар Әлқожа өзбекстандық екенін мойындады (видео)

443

Сөйтіп Әміренің жолын кескен Әбдіжаппар Әлқожаның атына түрлі айып тағылып, тіпті мазақ та етті оны.

„Той әншісі„, „өзбек қой„, „шоу-бизнесте апайының арқасында жүр„ деген секілді алып-қашпа сөздер айтылды. Міне, осы сөздің бәрі шамына тиген әнші барлық ішкі запыранын әлеуметтік желідегі парақшасына „төкті„.

“Сауатты тыңдармандарымнан ұяламын! Қазіргі таңда инстаграм желісінде статистикасын көтеру үшін, рейтингімен охваты көп, лайк пен подписчигі көбейсе болды өлуге дайындай тірлік істейтін парақшалар көбейді. Соның бірі @kaz_zhuldyz. Сен кімсің? Мейлі ғой, жақсы ақпарат беріп халықты алдамасаң! Ал мынауың сенің нағыз алаяқтық қой.

https://kaz.365info.kz/dimashty-da-ostigen-bespaev-zajytov-khysap-maskhara-boldy-video-311493

Өзбекстандық депсің, иә, мен шекарада өскенмін. Бірақ Қазақстанда қазақ болып, қазақша оқып Қазақстанда өскенмін. 2009 жылы ауылымызды Өзбекстан тартып алды, 5 ауыл-совхозбен қосып. Оған мен емес Жоғарғы билік кінәлі. Мен 2008-ден бері Алматыдамын.

„Жекпе-жекке„ келсек. Ол жерде ел сыйлаған ағалар, әпкелер болды. Мен жеңісті сатып алатындай, олар маған сатыла қоятын да жандар емес. Әділдікті қалады және ол болды.

Әміреге әңгімем жоқ, мықты әнші, талантына нұр жаусын! Бірақ „Жекпе-жек„ конкурс емес, байқау емес! Бағдарлама, шоу. Ол жерде қызықты өнер мен қызықты пікірталас болады. Менде жатып алып айта аламын конкурс болса, жәй ырғақты әндерді. Мен стилім қалыптасқан әншімін. Маған секіру керек, маған билеу керек.

https://kaz.365info.kz/olar-ajta-beredi-roza-alkhozha-zhelide-khatty-synga-khalgan-inisin-khanattandyryp-khojdy-311733

Қай конкурстын әншісін көрдіңіз Темпі +140. Ән айтқанын. Мен халық ішінде тойда концертте жүрген адаммын. Үйімде жатып алып дайындалуға уақытым жоқ. Сол шоуға ұйықтамай Қызылордадан келгенмін зорға үлгеріп.

Егер біреу конкурсқа кетесің, дайындал, ел намысын көтер дейтін болса, әңгіме жоқ, тойды да, концертті де тоқтатып дайындалар едім. Әміре өз бабындағы әнші.Славян базарына барса тек сәттілік тілеймін. Көк туды көтерсін.

Әнді сыйламау жайлы. Әні, сөзі – Аян Сейітовтікі. Айтыскер ақын бауырымдікі. Әннің шыққанына 10 жыл болған. Өзіне ең ұнайтын әні. Мен сұрадым өтініп, берді. Шынайы өмірден алынған ән бнда тұрған не бар?ұл. Енді мен әр бағдарламада әнді сыйлай берсем сол дүниені шығарған авторы қайда қалады? Әннің қасиеті қайда қалады? Демек әнге мен емес, жауабы мен рұқсатын беретін адам басқа. Өз сөзім …

https://kaz.365info.kz/sondaj-anshi-endi-rinat-zajytov-dimash-turaly-ojyn-ashykh-ajtty-video-303921

Маған бүйтіп қалыпты, үйтіп қалыпты. Позор-мозор жеген жарнама қажет емес, мен елдің баласымын, мені ел әніммен көтерген. Болмысыммен таниды.

Мен біреудің проектісі емеспін, шоу мен қара пияр болса болды”, – дейді әнші Instagram-дағы парақшасында.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз