Әлеуметтік желіде жап-жалтыр тас жолдан өте алмай тәлтіректеген бір үйір жылқының видеосы пайда болды. Кейінен бұл жолдың Қарағанды-Павлодар трассасы екені анықталды.
Айта кетелік, Қарағандыда жаңбыр жауып, одан соң күн қатты суыған. Салдарынан жолдар жап-жалтыр мұз боп жатыр. Төтеншеліктер бұл өңірде барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қойған болатын.