Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Тығыла алмайсың!”. Қытайда Димаш қонақүйден қонақүйге көшіп жүр (видео)

254

Ол папарация назарына да ілігіп қалып жатыр. Димаштың ізіне түскен тілшілер мен жанкүйерлер, оның қай кезде қай жерде болатынын да біліп алады екен. Қара көзілдірік пен басын тұмшалап жапса да Димаш көптен жасырына алмай әлек.

Димаштың досы әрі ресми өкілі Алпамыс Шаримов Димаштың жанкүйерлер көңілін қалдырмауға тырысатынын айтады. Алайда бұл жайт ыңғайсыздық туғызғандықтан олар қонақүйді жиі ауыстыруға мәжбүр екен.

«Чанша қаласында біз арнайы күзетілетін ғимаратта тұрамыз. Мұнда Димашты ылғи да бір топ жанкүйер күтіп алып жатады. Димаш көбіне олардың сағаттап күткен еңбегін елеп, көлікті тоқтатуды сұрайды; олармен суретке түсіп, автограф таратады. Жанкүйерлер бұл ілтипаты үшін оған дән риза болып жатады», – дейді ол.

Алпамыстың айтуынша, Хунань провинциясындағы Чанша қаласынан тыс аумақта ол екеуі қонақ үйлерден жиі-жиі көшіп тұруға мәжбүр. Себебі онда жиналып алатын жанкүйерлер қонақ үйдің әкімшілігіне және қонақтарына кедергі келтіретін көрінеді.

«Қытайлық жанкүйерлер Димаштың ел ішінде ұшу кестесін біліп алады да бір көріп қалу үшін оның рейсіне арнайы билет сатып алады. Біз үшін бұл таңсық жай. Әуежайларда Димаш қара көзілдірік тағып, күләпарасын басып киіп алады. Сонда да сансыз жанкүйерге байқатпай жүру өте қиынға түсіп жатыр. Әуежайлардың, вокзалдардың қызметкерлері де оны танып жатады», – дейді Шаримов.

Сондай-ақ, ол әншіге күн сайын кәдесыйлар мен түрлі тәттілер тарту етіліп жататындығын айта кетті.

“Біз оларды ашып көріп үлгермей жатамыз. Көптеген хаттар қытай, ағылшын және қазақ тілінде келеді. Міне, мына екі хатты қараңыз. Онда: «Димаш, саған осынша әнді тарту еткенің үшін мың рахмет! Байқау кезінде адамға түсетін ауыртпалық аз болмайды, сондықтан сен өзіңді күтуге тиіссің. Сен не істесең де біз әрдайым қолдап, қасыңнан табылатын боламыз. Сен қашан да біз үшін ең сүйікті әншіміз болып қаласың», – деп жазылған бойжеткеннің ағылшынша хатында. Ал өз атын LYW деп көрсеткен тағы бір ару «Мен сені сүйемін» деген хат жолдаған”.

Алпамыс Шаримовтың айтуынша, Хунань телеарнасының талабына сәйкес Димаш Құдайбергенге «I ama singer» байқауы аяқталғанша БАҚ өкілдеріне сұхбат беруге болмайды. Сондай-ақ ол көшеде әншіні жұрттың қалай танып қалып жататыны түсірілген видеороликті ұсынды.

Еске сала кетейік, бүгін Астана уақыты бойынша 22.05-те Хунань телеарнасының эфирінен «I am a singer» байқауының 3-кезеңі көрсетіледі. Димаш Құдайберген бұл жолы Queen тобының «Show must go on» әнін орындады. Басқа да байқау қатысушылары секілді Димаш та сахнаға гитарашылармен бірге шыққан еді және ІІІ-орын алды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз