Нұр-Сұлтан
Қазір
19
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Түгел қуыңдар…”. Саакашвили полицияны қалай реформалады?

“Саакашвили мықты ғой, негізі…

2004 жылы билікке келе сала елдегі 85 мың полицейдің 75 мыңын жұмыстан қуып жіберген ғой. Қатардағы учасковыйдан бастап, мес қарын бастықтарға дейін бәрі кеткен. 

Бұл бөлек. 

https://kaz.365info.kz/sybys-shygyp-zhatyr-putin-zhense-khazakhstanga-ne-bolady-304922

15 мың адам жұмыс істейтін Жол инспекциясын таратып жіберген. 3 ай бойы жолдағы жағдайды ешкім бақыламаған. Еркін. Ел еркін жүрген.

“Алақанға салса сыйып кететін елміз. Бізге 85 мың полицейдің не қажеті бар?” деген ғой Саакашвили. 

Алған да полицей санын 26 мыңға қысқартып тастаған.

Жаңа кадрларды конкурс бойынша қабылдаған. Бұрындары құқық қорғау саласында істегендерді бұл конкурса мүлде маңайлатпаған!  Жаңа кадрларды жұмысқа қабылдарда Батыс стандарттары бойынша дайындалған психологиялық сынақтан өткізген. 

Өстіп, бұлардың арасынан интеллектуалдық деңгейі біршама дегендерді сұрыптап алып, сотқарлау, сұмпайылау дегендерін үйлеріне қайтарған.

Бұл бөлек

Полицейлерді үнемі сергек ұстаған Саакашвили. Осы мақсатта Ішкі істер министрлігінің іргесінен полицейлердің басқан ізін аңдитын Бас инспекция құрған ғой. Жоқ, рас. 

https://kaz.365info.kz/sozakhtagy-symdykh-kyjeui-olimshi-etip-sabagan-19-zhastagy-zhansaya-zhogalyp-ketti-325009

“Подстава” жасаумен айналысқан бұл инспекция. Полицейлердің ары мен ұяты, құлқыны мен жұтқыншағы таразыға түсетін түрлі сынақ ұйымдастарған. Сөйтіп, талайы ұсталған ғой пара беріп, қызметін асыра пайдаланып…

2004-2010 жылдың аралығында нәпсісін тыя алмаған мыңнан аса полицей тиісті жазасын алған.

“Әй, кісі бойы көрінбейтін қоршауларды көрмейтін болайын, полиция бөлімшелерін әйнектен, жұқа материалдардан жасаңдар. Келушілер үшін құшағы айқара ашық құрылымға айналатын кез жетті. Сыпайы болыңдар. Сүзе қарамаңдар…” депті Саакашвили. 

Жемқорлықпен шын күрескен саясаткердің бірі осы кісі. Пара алу, пара беру тоқтамағаннан кейін, “техосмотрдан” біржолата бас тартқан.
Бұл бөлек. 

https://kaz.365info.kz/olar-khaptap-zhyr-myrat-auezov-khytajga-khatysty-ylken-shyndykhty-ajtty-300868

Полицейлердің айлығын өсірген ғой.  Грузиядағы патрульдер қазір елдегі орташа жалақыдан (200-250 доллар) 3-5 есе көп алады екен. Бөлімше басшылары 10 есе көп алады.  

Жалақысы өз алдына, басқа да жеңілдіктер жасаған ғой Саакашвили. Мед.сақтандыру, жазатайым жағдай бола қалса, одан сақтандыру, тәуір пенсия дегендей…
Бұл енді менің білетінім ғана. 

Естігенім одан да көп.  “Елдегі “вор закондардың” екі аяғын бір етікке тыққан, тырқыратып қуып жіберген” дейді Саакашвили.

Ресейдің ақпарат құралдары Саакашвилидің реформасын жоққа шығармақ болған.

“Сол ма реформасы? Бір жылда 32 мың қылмыс тіркеліпті. Ал не дейсіңдер…” деген ғой Кремльге бағынышты басылымдар, әдепкі әдетіне басып.

https://kaz.365info.kz/albina-shyndykhty-ajtshy-shardarova-326365

Негізінде, Саакашвилидің реформасы қылмысты тіркеуге алудың тәртібін өзгертіп қана қоймай, ұсақ-түйек қылмысқа дейін назарға алған ғой.
Біздегі “Телепон ба? Қоя салсаш, қырғыз асып кетті. Табылмайды. Таппайсың оларды…” деген әңгімелерге тыйым салған.

Қасымовқа құлаққағыс қып айтып жатқаным ғой” – деп жазған екен журналист. 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз