Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Туымызды қорлады: қытайлықтар даниялықтардан кешірім сұрауды талап етті

509

Қытай елшілігі даниялық басылымнан кешірім сұрауды талап етті. Бұл сурет қытай халқының сезімдерін қорлайды-мыс. Бұл туралы BAQ.kz жазады.

Politico мәліметінше, Қытай даниялық Jyllands-Posten газетін карикатура жасап, этика нормаларын бұзды деп айыптады. Даниялық газет ҚХР мемлекеттік туындағы жұлдыздардың орнына коронавирусты бейнелеген.

“Нильс Бу Буйсеннің карикатурасы Қытай елін кемсіту” деп санайды Қытайдың дипломатиялық өкілдігі.

“Бұл өркениетті қоғамның этика нормалары шеңберінен шығып кеткен дүние адамдардың сезімдеріне нұқсан келтіреді. Біз Jyllands-Posten газеті мен суретті салған Нильс Бу Буйсеннің көпшілік алдында қытай халқынан кешірім сұрауын талап етеміз”, – делінген Қытай елшілігі сайтында жарияланған хабарламада.
Карикатура авторы Нильс Буйсен түсініктеме беруден бас тартқан, ал газет редакторы Джейкоб Нибро TV2 телеарнасына кешірім сұрауға ешқандай негіз көріп тұрмағанын және карикатура қытайлардың ренжіту мақсатында салынбағанын айтты.
“Сурет бұдан бұрын салынған сатирикалық өнер туындыларынан ерекшелігі, ол қазіргі уақытта әлемде не болып жатқанын көрсетеді”, – деді ол.
Айта кетейік, 2019 жылдың 31 желтоқсанында Қытай Үкіметі Ухань қаласында пневмония ауруының тарағаны туралы хабарлаған болатын. Аурудың қоздырғышы коронавирустың жаңа типі 2019-nCoV екені анықталды.

29 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирустан көз жұмғандар саны 132-ге жетіп, Қытайда вирус жұқтырған адамдардың жалпы саны 5974 адамды құрады. Басқа мемлекеттерде ауыр дертке шалдыққандардың жалпы санын қосқанда 6052 адам.

Қытайдан бөлек, жұқпалы ауру Австралия, Вьетнам, Германия, Канада, Италия, Камбоджа, Малайзия, Непал, Оңтүстік Корея, Сингапур, АҚШ, Таиланд, Франция, Шри-Ланка, Жапония, Украинаға да тарап үлгерді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз