Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Тутубаевтан таяқ жеген кәсіпкер күтпеген жерден күдіктіге айналды

“Сен менімен қалай қалай сөйлесесің” деп иығымнан ұрып жіберді. Мен де қарап тұра алмадым. Сөйтіп арада төбелес басталды. Бір кезде кабинетке көмекшісі кірді. Мені қалқалай бергені сол еді, Тұтыбаев сол сәтті пайдаланып оң жақ шекемнен жұдырықпен тағы ұрды”, – дейді сотталушы Алмасбек Садырбаев.

Айтуынша, ол Асқар Тұтыбаевқа жүнге субсидия сұрап барған. Алайда, көмек орнына жұдырық алыпты. Десе де, шенеунік мұның бірін де мойындап отырған жоқ.

“Мен емес, ол мені соққыға жықты. Полицейлер үсті-басымды көріп, арыз жазыңыз деді. Жыртылған жейдемді, басқа да киімімді шешіп алып, іске тіркейміз деді. Алмасбекке хабарласты менің көзімше, бірақ ол телефонын алмады. Өзінің кінәлі екенін білген ғой”, – дейді Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Асқар Тұтыбаев.

Жүннен басталған жанжал әкімдіктегі бақылау камераларына да түсіп қалған. Бірақ бар болғаны төбелестен кейінгі, дәліздегі көріністер ғана. Онда бір топ әкімдік қызметкерлерінің Садырбаевты қоршап алып, артынша шығарып жібергені көрініп тұр. Алайда, фермердің адвокаты шенеуніктің кабинетінде де камера болған дейді.

“Талдықорған әкімдігінен таспаны талап етемін. Кабинетте болған жайт сол дискіге жазылған. Бірақ олар әдейі көрсетпей отыр. Құрылғы бұызылып, жөндеуге бердік дейді. Ол таспа нағыз айғақ көзі. Көрсетсін, не үшін тығып жатқаны белгілі ғой”, – дейді адвокат Бақытгүл Батырханова.

Әйтсе де таспа табыла ма, онда төбелескен сәт бар ма белгісіз. Әзірге, сотталушы орындығында субсидия сұрап барған фермер отыр. Егер дәйек табылмаса, ол мемлекеттік қызметкерге күш қолданғаны үшін сотталуы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз