«ЕХРО-2017 көрмесіне барудың 5 себебі». Бірыңғай туристерге арналған мәліметтер жазатын Lonely Planet басылымы осындай тақырыппен мақала жария етті.
Онда көрме нысандарының бірегей сәулеті жайлы кеңірек қозғапты. Астанадағы шарада 100-ден астам мемлекеттің «жасыл» энергетика саласындағы озық жетістіктері көрсетілгенін жазған. Сондай-ақ халықаралық көрмедегі интерактивті технологияларға да ерекше назар аударыпты.
Басылым шетелдік саяхатшыларға арнап жазған мақаласында «Астанадағы шара тек баламалы энергетика саласындағы жетістіктермен танысу ғана емес, өзге елдердің мәдениеті мен әдет-ғұрпын танып-білудің де тамаша мүмкіндігі» деп отыр.
Түріктің ақпарат құралдары да еліміздегі халықаралық шара жайлы жарыса жазып жатыр. Осы ретте жергілікті «Мемлекет» басылымы Астанада өтіп жатқан көрменің еліміздің туристік әлеуетін арттырудағы үлесін атап көрсеткен.