Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Турин процесінің маңызы

411

Жиында сөз бастаған Білім басқармасы Техникалық және Кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Әсет Мұханбетов Турин процесінің маңызына тоқталды.

«Қазіргі заманда негізгі білім беру Болон процесімен өлшенсе, кәсіптік білім берудің деңгейін Турин процесі бойынша дамытамыз, сондықтан барлықтарыңызды ай дөңгелек үстел басына шақырып, әрбір кәсіптік білім беретін оқу ордаларындағы қордаланған түйткілді мәселелерді ортаға салсақ деген ойдамыз» деді ТжКБ беру бөлімінің басшысы.

Турин процесі — дүниежүзі бойынша кәсіптік білім беру саласына талдау жасайтын процесс.

Мұнда ынталы тараптар техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі нақты фактілерге сүйене отырып ортақ интеграцияға түседі. Бұл еуропалық тиімді кәсіптік білім беру жүйесін қадағалайтын процесс. Турин процесіне әлемнің отыздан асқан елі қатысып отыр. Олардың қатарында Балқан елдері, Таяу шығыс елдері, Шығыс Еуропа, Орталық Азия және Солтүстік Африка елдері бар.

  • Қазақстан Турин процесіне 2010 жылдан бастап қосылды.
  • 2017 жылдан бастап әр облыстағы кәсіптік білім беру ордаларындағы басты қиындықтар мен түйткілді проблемалар іріктеліп, екшеліп, зерттеле бастады.
  • Былтыр Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Жамбыл облыстарында зерттеу жұмыстары жүргізілген.

Бұл зерттеу жұмысын Қазақстан бойынша «Кәсіпқор» Холдингі атқарып келеді. Зерттелген жұмыс бойынша Холдинг өзінің қорытындысын Қазақстан Білім және Ғылым министрлігіне ұсынып отырады.

«Биыл Алматы қаласы бойынша зерттеу жұмыстары басталды. Сіздерді осы маңызды зерттеуге қатысу үшін жинадық. Қазір барлығыңыз алдарыңыздағы тексеру парақтарына өз оқу ордаларыңыздағы қордаланған мәселелерді теріп жазуларыңыз керек. Тек шынайы ақпарат беруге тырысыңыздар. Себебі, осы зерттеу жұмысына қарап біз министрлікке қорытынды өткіземіз, ал олар өз кезегінде сол туындап жатқан мәселені оңтайлы шешудің жолын, уақытын, қаржысын қарастырады. Сондықтан дұрыс ақпарат беру – сіздердің мекемеде бар кемшіліктерді жоюға жеткізетін жақсы бастама, жақсы мүмкіндік деп біліңіздер»,

– деп түсіндірді өз сөзінде «Кәсіпқор» Холдингінің Стратегиялық даму және мониторинг бөлімінің менеджері Гүлнар Алпысбаева.

Турин процессі қазіргі таңдағы кәсіптік білім беру мекемелерінің саясатын заманға сай өзгертуге ықпал етпек. Бұл зерттеу күні ертең кәсіптік білім беру ордасы мен осы саладағы кадрлардың білім деңгейінің сұранысқа сай болуын қадағалап, кадр даярлау мәселесіндегі қиындықтар, кемшіліктерді екшеп, білім беру процесі кезінде лайықты шешім табуға мүмкіндік тудырмақ. Осы зерттеу аясында сапаға қатысты мәліметтер жиналады.

Арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқытудың пайдасы, студенттер арасында кәсіптік дағдыларды жетілдіру, цифрлық жүйеге көшудің ілгерілеуге тигізер ықпалы сияқты мәселелер талқыланды. Келешекте осы мәселелер төңірегінде толық ақпарат жиналып, кәсіптік білім беру заманға сай, басқа да елдерге жарамды білім беруі қолға алынбақ.

Бұл, әрине, кәсіптік білімді таңдайтын жастарға даңғыл жол ашылады деген сенімге жетелейді.

Шынар Әбілдә

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз