Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
6
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Ту-154 ұшағына террорлық шабуыл жасалған ба?

Олар лайнердің апатқа ұшырау себебін зерттейтін арнайы комиссия қорытындысын күтуге шақырды. “Интерфакс” агенттігінің төтенше қызметтегі дереккөзі ұшақтың суға құлағанда бірнеше бөлікке бөлініп түсуін түсіндіріп берді. Комиссия лайнердің апатқа ұшырауына “техникалық ақау” себеп болуы мүмкін деген болжамды ұстанып отыр.

Дегенмен, авиация сарапшылары Ту-154 секілді ұшақтардың ұшу кезінде апатқа ұшырауы өте сирек кездесетінін айтты. Ресейлік әуе күштерінің майоры, ұшқыш Андрей Красноперовтың “Коммерсантқа” мәлімдеуінше, ұшақтың бірнеше бөлшекке бөлінуі оның әуеде апатқа ұшырағанын көрсетеді. Соған байланысты ол ұшақ бортында жарылыс болуы мүмкін деген нұсқаны қолдайды.

Ресей әуе қозғалыстары ұйымының бірыңғай жүйе орталығының бұрынғы басшысы Виталий Андреев РИА “Новости” агенттігіне Ту-154 ұшағын басып алуы мүмкін екендігін мәлімдеді. Оның пікірінше, ұшақ экипажының жерге апат дабылын жолдауына осындай жағдай ғана кедергі келтіруі мүмкін.

Сочи түбіндегі әуе апатынан 92 адам қаза тапты, солардың ішінде Александров атындағы ән-би ансамблі, “Әділетті көмек” қорының жетекшісі Елизавета Глинка және журналистер бар. Ұшақ Сирияға ұшып шыққан. Тірі қалғандар туралы мәлімет жоқ. Қара теңізде құтқару операциясы жалғасып жатыр. Оған шамамен үш мың адам жұмылдырылған. “Қара жәшік” әлі табылған жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз