Бұдан бұрын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен Үкіметбасының орынбасары Асқар Жұмағалиевтің кездесуінде цифрландыру бағдарламасы бойынша әрбір жоба ең алдымен экономикалық тұрғыдан нәтижелі болуы керек деген мәселе көтерілген.
Ал «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы 2022 жылға дейін қабылданған болатын.
Сарапшылар пікірінше бағдарламаның негізгі 4 бағыты да түйінделе келе, экономиканың негізгі салаларын сандық жүйеге көшіруді көздейді.
Бұл ретте біз елімізге танымал сарапшыларға «Цифрлық технологияларды енгізу мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың жұмысын қаншалықты ширатады?» деген сауалды қойдық.
Эдуард Полетаев, саясаттанушы:
– Әлемнің дамыған елдерінің дерлігі бизнесті сандық траснформациялауға біртіндеп көшіріп жатыр. Осы арқылы олар цифрлық экономика құруды көздеуде. Бұл қазіргі заманның тренді, негізінде. Және біз одан қалыспауымыз қажет.
Жыл басынан «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруда ең алдымен ақпараттық қолдауға бағытталған аса маңызды іс-шаралар өтті.
2018 жылдың ақпанында Мемлекет басшысының қолдауымен Алматыда «Жаһандану дәуіріндегі цифрландыру» форумы ұйымдастырылды. Бұған Еуразиялық одаққа мүше елдердің премьер-министрлері қатысқан болатын.
Күні кеше Астана экономикалық форумында «Цифрлық әлем» тақырыбы жиындағы жалпы саны — 11 талқылаудың ішіндегі аса өзектісі болды.
Иә, кейбір сарапшылар Қазақстанның сандық технологияларға көшеріне күмәнмен қарайды. Алайда біздің ел бұл трендке биыл ғана, бүгін ғана ілесіп жатқан жоқ.
Естеріңізде болса, осыдан 4 жыл бұрын «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры трансформациямен қатар цифрландыру бағытындағы іс-шараларды қолға алған болатын.
Менің білуімше, алдымен аса күрделі қаржы есебін жүргізу сияқты басқарушылық процесстер автоматты жүйеге көшірілген. Қазіргі таңда қордың қоржындық компанияларының өндірісіне «Ақылды кеніш», «Интеллектуалды кен орны» секілді цифрлық технологиялар енгізілуде. Мұндай технологиялар қазіргі таңда «ҚазМұнайГаз» бен «ҚазАтомӨндіріс» сияқты компанияларда да қолданылуда.
Дегенмен дәл қазір «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына ақпараттық қолдау ауадай қажет. Үкіметтің мұны бірінші кезекте халыққа жеткізуі маңызды. Айналып келгенде мұның бәрі халықтың бақуатты өмір сүруі үшін жасалып жатқан шаралар екенін түсінуіміз қажет.
Марат Шибұтов, саясаттанушы:
– Иә, рас. Тек «Самұрық-Қазына» ғана емес, басқа да ұлттық компаниялар сандық технологияға ауысып жатыр. Мысалға, бұрындары «Қазпоштадан» сәлемдемені иесіне 30-40 минуттың көлемінде жеткізер болса, әзір небәрі 3 минуттың ішінде табыстайды екен. Бір кездері еліміздің аумағында сәлемдемелер 20-21 күн ішінде жеткізілсе, қазірде бұл мерзім 6-8 күнге дейін қысқартыпты.
Жалпы цифрландыру дегеніміз не? Бұл цифрлық экожүйелерді құру деген сөз.
Цифрлық экономика кейбіреу ойлайтындар блокчейн немесе криптоиндустрия емес.
«Цифрлық технологияларды енгізу мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың жұмысын қаншалықты ширатады?» деген сауалға егжей-тегжейлі тоқталар болсам,
Қазақстанда 500-ге жуық мемлекеттік деректер базасы бар екен.
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында бұлардың барлығын біртұтас жүйеге (базаға) біріктіруге болады.
Кейіннен бұған бизнесті де көшіруге мүмкіндік бар.
Дәл қазіргі таңда, қазіргі технологиялар дәуірінде мемлекеттік сатып алуларды электронды нұсқаға көшіретін кез келді. Елімізде электронды құжат айналымына алғашқы болып көшкен құрылымдардың бірі – «Самұрық Қазына». Қорда айналымы 4 трлн. теңгеге жетіп жығылатын еліміздегі ең ірі компаниялардың портфелі бар. Ал мұндай жағдайды қағаз-құжатты түгелдей сандық жүйеге көшіру дау тудырмасы анық.
Айта кетелік, бұдан бұрын танымал экономист-сарапшы Сергей Перапечка еліміздің экономикасын одан әрі цифрландыру көптеген салалардың дамуына басты фактор боларын айтқан еді.
Ол келтірген мәліметке қарағанда цифрландыру саласы бойынша еліміз жыл өткен сайын алға жылжып келеді.
Айталық,
цифрлық экономикаға тартылу деңгейі бойынша Қазақстан – Ресей, БАӘ, Аргентина мен Чили сияқты елдермен қатар тұр екен.
Әрі цифрландыру индексі бойынша 0,72 (БҰҰ 2016 жылғы мәліметі), жаһандық орта деңгейді көрсеткіштен (0,49) жоғары тұр.
Ал еліміздегі ең ірі деген компаниялар арасында кең жолақты интернетке кіру көрсеткіші 45 пайызды құрайды. Бұл көрсеткіш жағынан Қазақстан БАӘ (53 пайыз) және Малайзиямен (пайыз) тең тұр.
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асырудың 4 бағыты бар;
Цифрлық Қазақстан жобасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар» Жеке қорымен іске асырылады.