Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Цифрлық Қазақстан: Алматылықтар мемлекеттік бағдарламаның басты бағыттарымен танысады

Бүгінгі таңда еліміздің қазақ тілді аудиториясы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қалай және қандай бағытта жүзеге асырылып жатқаны туралы біле бермейді. Сонымен қатар, электронды құжат айналымы мемлекеттік органдарға қалай әсер ететіндігінен де бейхабар. Осылайша цифрландырудың барлық көріністеріне аудиторияның қызығушылығын арттыру үшін көшпелі семинарлар өткізу қажеттілігі туындайды. Аталмыш семинарлар еліміздің 7 өңірінде 2018 жылдың қыркүйегі мен желтоқсаны аралығында өтеді.

Семинар қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарын ілгерілету және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын дәріптеу жобасы аясында Коммуникативтік бастамалар мен стратегиялар қоры «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры серіктестігінің қолдауымен жүзеге асырылады.

Уақыты: 26-27 қыркүйек 2018 жыл, сағат 9:30-да.

Орны: MOST бизнес-инкубаторы, Алматы қ., Жандосов к-сі, 55/4 (Ю.Ким көшесінен кіру, Ы.Алтынсарин мен Береговой көшелерінің арасында) 

«QDigital inform» әлеуметтік желілерде:

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз