Нұр-Сұлтан
Қазір
-21
Ертең
-19
USD
515
0.00
EUR
545
0.00
RUB
5.17
0.00

Цифрландыру мен ақшасыз экономика Қазақстандағы жемқорлықты жоя ма?

1415

Қазақстандағы қолма қол ақшасыз экономиканы дамытуға «Астана» халықаралық қаржы орталығы да өз үлесін қосуды жоспарлап отыр.

Қолма қол ақшасыз экономикада, президент атап өткендей, тек жазалау құралдарына сүйеніп қана қоймай, сонымен қатар, ынталандыру тетіктерін де пайдаланған жөн. Мәселен, бизнесті, яғни кәсіпкерлерді қолма қол ақшасыз есеп айырысуды пайдаланғаны үшін марапаттауды тәжірибеге енгізу керек.

Осы орайда, ақшасыз төлемдер жасауға жедел көшудің пәрменді әдістерінің бірі –операцияға ұтқыр төлем жасауды пайдалану мен тиісті электрондық қосымшаларды дайындап-жасау.

Халықаралық тәжірибеге жүгінсек, мұндай әдіс бірқатар дамыған және дамушы елдерде қолданылуда. Осындай қосымшалардың қатарында аты әлемге әйгілі PayPal, Alipay, Apple Pay Cash бар.

Ал Қытайлық WeChat өз алдына бір төбе. Ол әлеуметтік желі және ақша аудару функцияларымен қатар, кең ауқымды әлеуметтік қызметтер де көрсетеді.

Қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Қолма қол ақшасыз төлемдер жасауға көшу — біртіндеп президент белгілеген басқа мақсатты жүзеге асыруға, яғни,

алдағы үш жылда экономиканың көлеңкелі жағындағы ақша айналымын 40 процентке азайтуға мүмкіндік береді.

Осы орайда, қауіпсіздік мәселесін де назардан тыс қалдырмаған жөн. Көпшіліктің интернет-транзакцияларын пайдалануын ынталандырумен қатар, осы қолданушылардың мүдделері мен жеке мәліметтерін қорғау үшін киберқауіпсіздік саласын дамыту қажет.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін білікті мамандарды тартқан жөн.

Бұдан бөлек,

Цифрландыру жемқорлыққа қарсы күресте де пайдаланылатын болады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жер қатынастары мен құрылыс саласында ашықтықты қамтамасыз ету үшін

Жер қоры және жылжымайтын мүлік нысандары туралы бірыңғай ақпараттық база құрылатын болады.

  • Цифрлық Қазақстан жобасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар» Жеке қорымен іске асырылады.
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз