Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Цеснабанк пен ЦентрКредитбанктің қосылуы әбден мүмкін

“Цеснабанк” АҚ-тың “Банк ЦентрКредит” АҚ-пен қосылу ықтималдылығына қатысты Ұлттық Банк сатып алушылар тарапынан ресми құлағдар етуші ақпарат алған.

“Ұлттық Банк, тұтастай алғанда, банк секторын шоғырландыру жөніндегі бастамаларды қолдайды, олар банктерді капиталдандыруды ұлғайтуға және клиенттерге қызмет көрсету бойынша қолданыстағы бизнес-процестерді жақсартуға ықпал ететін болады. Ұлттық Банк банк бизнесінің тиімділігін арттыруға бағытталған ықпалдастыру процестерін тез арада аяқтау жөнінде банктерге қажетті қолдау көрсетуге дайын”, — делінген Ұлттық банктің хабарламасында.

Заңнаманың талаптарына сәйкес бұл мәмілені іске асыру банктердің депозиторларының, кредиторларының, өзге де клиенттерінің және қарсы агенттерінің халықаралық міндеттемелерді қоса алғанда, шарттар бойынша құқықтарын және заңды мүдделерін сақтаған жағдайда ғана мүмкін болады.

2017 жылдың жазына қарай “ЦентрКредит банкінің” иелері толық өзгереді деп күтіледі.

Айта кетелік, алдында Қазақстан Халық банк пен ҚазКоммерцбанктің қосылу ықтималдылығы бойынша мәміле жүргізіліп жатқаны хабарланған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз