Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Трамвайы жоқ қаладан пәтер алғым келеді” – Павлодарда трамвай басып кеткен қыздардың анасы

Қазіргі уақытта жол апатынан аман қалған қыздың жансақтау бөлімінен травмотологиялық бөліміне ауыстырылған. Жағдайы орта деңгейде ауыр деп бағаланып отыр. Бірақ қыз жазылып келеді.

Білім басқармасындағылардың мәліметінше, отбасына жаңа пәтер сатып алып беру үшін шамамен 11 миллион теңге жиналды. Еріктілер шоттағы қаражаттың пәтерге жететінін айтып отыр. Сондай-ақ, еріктілер жаңа пәтерде жөндеу жұмыстарын жүргізгісі келеді.

Мектептегілер үш баланың анасының қаладағы жатақханалардың бірінде бөлме жалдап тұрғанын айтады. Қайғылы жағдайдан кейін 38 жастағы әйелді осыдан екі жыл бұрын қайтыс болған күйеуінің туыстары үйлеріне шақырған.

“Отбасы өздеріне жеке үй керек, сондықтан екі бөлмелі пәтер сатып алу туралы шешім қабылданды”, – деді мектептегілер.

Еске салайық, жантүршігерлік оқиға 7 қыркүйекте Ломов пен Қатаев көшелерінің қиылысында сағат 7:43-те болған. 2007 және 2009 жылғы қыздарды трамвай басып кеткен. Амал не, бірі қаза тапты, екіншісі жансақтау бөліміне түскен.

Павлодарлық трамвай басқармасының баспасөз қызметіндегілер көліктің оқиға кезінде бірінші маршрут бойынша алюминий зауытына бара жатқанын айтты. Тізгінде бес жылдық тәжірибесі бар 1987 жылғы қыз болған.

Балалар Павлодардағы №4 орта мектепте оқыған. Оқу мекемесіндегілер қыздардың апалы-сіңілі екенін айтады. “Бұл оқиға енді ғана болды. Апалы-сіңілілер, екінші және төртінші сыныпта оқиды”, – деп хабарлады мектептегілер.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз