АҚШ президенті Дональд Трамптың Twitter-аккаунты “өздігінен өшіп қалып”, нәтижесінде 11 минут бойы істемей тұрды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
АҚШ президентінің парақшасындағы кездейсоқ ақауға адам факторы себеп болған.
Аккаунт бірден қалпына келтірілген. Әзірге аталған іске қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ақ Үй басшысының жұртшылыққа Twitter-де микроблогтар жазуға құмарлығы жақсы таныс.