Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Трамппен тілдесуім керек”. 2048 жылдан келген “уақыт саяхатшысы” тұтқындалды (видео)

189

27 жастағы Брайан Жонсон полицияға өзі хабарласқан. “Мен бөгдеғаламшарлықтарға қатысты өте маңызды ақпарат білем, сол үшін тез арада Трамппен тілдесуім керек” депті Брайан. 

Ал полиция оның үйіне кіріп келгенде өзінің 2048 жылдан келген “уақыт саяхатшысы” екенін айтыпты. Брайанның айтуынша, бөгдеғаламшарлықтар 2018 жылы Жерге шабуыл жасайды. Сол себепті тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру керек. 

Брайан тіпті өзінің болашақтан қалай келгенін жіпке тізгендей айтып берген: “бөгдеғаламшарлықтар оны ішімдікке тойдырып, үлкен алаңға шығарған да, сол арадан телепортация жасаған. 

Сіз бұған сендіңіз бе? Полицейлер болса бұған сеньбеген. Жігіттің үстінен ішімдік иісі аңқып тұрғандықтан бірден ауруханаға алып жүріпті. Брайан қарсылық көрсеткен бұған. Ал сараптама қорытындысының нәтижесінде Брайанның қанына 0, 13 пайыз алкоголь анықталған. 

Сөйтіп 2048 жылдан келдім деген, әрі Трамппен тілдесуге тырысқан ол абақтыға қамалып кете барды. 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз