Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Трамп не дейді?

283

Ол Твиттер парақшасында энергоресурс құнының түсуін салықтың қысқаруымен салыстырды. Оның айтуынша, Эр-Риядтың арқасында мұнай баррелі 82 доллардан 54 долларға түскен.

20 қарашада мұнай фьючерсінде Brent маркасы бөшкесі 62,5 долларға түскен, ал WTI маркасы 53,5 долларға құлдыраған. Дәл осы күні Трамп Сауд Арабияға қатысты оптимистік мәлімдеме жасап, журналист Жамал Хашоггидің өліміне қатысты АҚШ пен Батыс елдерінің айыптауына қарамастан, жақсы қарым-қатынасты сақтап қалғысы келетінін жеткізген.

Америка лидері санкция енгізбеуге де уәде берді, себебі Вашингтонның сауалына сауд билігі “сергек” жауап беріп жатыр. Ақ үй жетекшісі АҚШ-тың Королдікпен әскери қарым-қатынасқа тыйым салуы Ресей мен Қытай үшін “сыйлық” болушы еді деді.

Қазан айының басында Brent маркасы барреліне 82 доллардан асқан. WTI маркасы 73 доллардан жоғары болатын. Осылайша, бір жарым айдың ішінде екі марка да 25 пайызға түсіп кетті.

Мұнайдың арзандауы нарық қорының айтарлықтай қысқаруымен сәйкес келді. Американың Facebook, Apple, Amazon, Netflix, Google секілді технологиялық гиганттары нарықта соңғы уақытта бір триллион доллар жоғалтты.

Соңғы уақытта мұнайдың әлемдік бағасы АҚШ-тың Иранға қарсы санкциясы қаупінен және ОПЕК+ елдердің мұнай өндіруді қысқарту жөніндегі келісімінен кейін төмендеген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз