Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Трамп КХДР-ға қарсы ядролық қару қолдануға дайын екендігін мәлімдеді

Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Риа Новости хабарлады.

Айта кетелік, 3-қыркүйекте КХДР атом бомбасын сынақтан сәтті өткізгенін жариялаған болатын. Трамп мұны доқ көрсету деп қабылдап, Абэмен әңгімесінде Вашингтонның өзін және өз одақтастарын қорғайтынын айтты.

“Трамп АҚШ-тың өз және одақтастарының территориясын дипломатиялық шаралардың барлық спектрін, әдеттегі және ядролық мүмкіндігі бар шараларды қолдану арқылы қорғау туралы міндеттемесін растады”, – делінген хабарламада.

Мұнымен қатар, америкалық президент Twitter желісінде Вашингтонның КХДР-мен бизнес жүргізіп отырған барлық елмен сауданы толықтай тоқтату мүмкіндігін қарастырып отырғаны жайлы жазды. Бұған жауап ретінде WikiLeaks сайтын жасаған Джулиан Ассанж АҚШ Қытаймен КХДР үшін сауданы тоқтатар болса, Дональд Трамп өз қызметінен кетіп тынады дегенді айтқан.

“КХДР саудасының 90 пайызы Қытаймен жасалып отыр. Трамп АҚШ пен Қытай арасындағы 650 миллиард долларлық сауданы тоқтатып тастаса, орнынан кетеді”, – деп жазды Ассанж Twitter желісінде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз