Дональд Трамп АҚШ президенті болып сайланғаннан кейінгі алғашқы баспасөз мәслихатын 11-қаңтарда өткізуді жоспарлап отыр? – деп хабарлайды Қазақпарат.

Дональд Трамп
«Жалпы, баспасөз мәслихатын Ньй-Йоркте 11 қаңтар күні өткіземін. Барлықтарыңызға рахмет», – деп жазды Трамп.
Әдетте, АҚШ-та жаңадан сайланған президент журналистермен кездесуді сайлаудан кейін көп ұзамай өткізеді.
CNN-ның атап өтуінше, мұндай дәстүр БАҚ-тарға құрмет білдіру болып табылады.
Айта кетейік, Трамп сайлауалды науқан барысында бұқаралық ақпарат құралдарын әділетсіздік және оның қарсыласы – экс-мемхатшы Хилари Клинтонға басымдық беруге талпыныстары үшін бірнеше мәрте сынаған еді.
Трамп мұның алдында БАҚ-пен үлкен кездесуді 2016 жылдың ортасында ұйымдастырып, мемлекет басшысы міндетін атқаруда мүдделер қайшылығын болдырмас үшін өз бизнесіне бұдан әрі қалай иелік ететіні туралы айтып беруге уәде еткен болатын.
12-желтоқсан күні баспасөз мәслихаты 2017 жылдың басына ауыстырылған болатын.