Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Трамп иммигранттарға арналған жұмыс визасының күшін жойды — Силикон алқабы үзілді-кесілді қарсы

310
Сурет: constructionexec.com

Трамп әкімшілігі АҚШ-та заңды иммиграция мүмкіндіктерін қысқартуды жалғастыруда. Сәуір айында президент осы мақсатты көздейтін иммиграциялық декларацияға қол қойды. Дүйсенбіде Трамп 2020 жылдың соңына дейін декларацияның күшін ұзартты және бірқатар жұмыс визаларына қатысты иммиграция шектеулерін кеңейтті.

Атап айтқанда, әңгіме

  • Шетелдік мамандарды жалдау үшін H-1B
  • H-4 виза иелерінің жақын туыстары үшін H-1B
  • H-2 ауылшаруашылығында, құрылыста және орман өнеркәсібінде шетелдік мамандарды жалдау үшін
  • H2B ауылшаруашылығы жұмыстарын немесе бір жолғы, маусымдық, жұсыс көп немесе мерзімді негізде жұмыстарды орындауға шетелдіктерді жалдау үшін берілетін визалар туралы болып отыр.

Сондай-ақ шектеулер L-1 визасына қатысты болды, ол арқылы компаниялар бұрын басқа елдегі филиалдардан қызметкерлерді АҚШ-қа ауыстыра алатын.

«Президент бұл шараларды америкалықтардың арасында жұмыссыздықтың артуына байланысты қабылдады», — деген Трамп әкімшілігінің жоғары лауазымды шенеунігінің сөзін СNNN  келтіреді.

Бизнестің жауабы

Виза бойынша енгізілген шектеулерге Силикон алқабы наразылығын білдірді. Өйткені, L1 визасы мен H-1B бағдарламасы АҚШ-тың техникалық алыптарының арасында сұранысқа ие еді. Кейбір деректер бойынша,

жыл сайын осы визалармен елге 300 мыңға жуық техникалық маман келіп отырған

«Иммиграция Американың экономикалық жетістігіне үлкен үлес қосып, оны технология саласында әлемдік көшбасшы етті», — деп мәлімдеді Google-дің бас директоры Сундар Пичаи өзінің Twitter-дегі парақшасында.

«Бұл шешімнен көңілім қалды, біз ары қарай да иммигранттарды қолдауды және барлығының мүмкіндіктерін кеңейтуді жалғастар береміз», — деп толықтырды ол.

Twitter-дің Солтүстік және Оңтүстік Америкадағы мемлекеттік саясат пен қайырымдылық мәселелері жөніндегі басшысы Джессика Эррера-Фланган бұл саясаттың АҚШ экономикасына зиян келтіретінін айтты.

«Бұл Американың ең үлкен экономикалық активін: әртүрлілігін бұзады», — дейді ол өз мәлімдемесінде. «Біліктілігі жоғары таланттарға Американың тартымдылығын төмендетеді. Осылайша Құрама Штаттардың экономикалық қуатына үлкен зиян келеді».

«Біліктілігі жоғары мамандардың елге кіруін шектеу Американың жаһандық бәсекеге қабілеттілігіне қауіп төндіреді», — деді Amazon компаниясының өкілі.

Бұл пікірді Facebook әкімшілігі де қолдады.

«Президент Трамп иммиграцияны шектеу  туралы соңғы мәлімдемесінде барлығына Covid-19 пандемиясын кінәлі етіп көрсеткісі келеді.  Шын мәнінде, жоғары білікті кадрлардың АҚШ-тан тыс жерде болуы біздің еліміздің қалпына келуін одан да қиындатады», — делінген компания сайтындағы мәлімдемеде.

Тесла бас директоры Илон Маск пен Microsoft президенті Брэд Смит те наразылық білдірді.

«Қазір біздің ұлтымызды әлемдік таланттардан алыстататын уақыт емес», — деді Смит. «Иммигранттар осы елге өз үлесін қосып жатыр, қазір олар бізге бұрынғыдан да қажет».

Жалпы Силикон алқабы президентті өз әрекеттерін қайта қарауға, бизнес-қауымдастықтармен бірге жұмыс істеп, жұмыс орындарының өсуін және барлық американдықтардың экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жоспар құруға шақырды.

Трэмп бұндай ұсыныстарға сыни көзқарас білдірді.

«Сіздерге қарағанда мен қарапайым америкалықтардың жағдайын ойлап отырмын. Менің шешімдеріме қарсы шығып, сын айтудың орнына, иммигранттарға емес, соларға жұмыс орнын тауып беру туралы ойланыңыздар», — деді ол Ақ үйдегі брифингте.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз