Президент Владимир Путиннің мәлімдеуінше, Ресей АҚШ-пен қарым-қатынасының толық түзелгенін қалайды. Мемлекет басшысының пікірінше, бұл “оңайға түспейді”, бірақ Кремль “өз қадамын жасауға дайын”, деп хабарлады “Интерфакс”.
Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Құрама Штаттардың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп ресми түрде қызметіне кіріспейінше, ресейлік басшы онымен келіссөздер жүргізбейді.
Сайлау нәтижелері жарияланған соң Трамп өзінің жақтастары алдында сөз сөйлеп, АҚШ-тың мүддесі үшін қызмет ететінін, бірақ басқа да елдерге “әділ” қарайтынын мәлімдеді.
“Біз жауласу емес, достасу жолдарын таңдаймыз”, – деді Трамп.