Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Трамп – қазақстандық байлармен ауыз жаласқан адам екен

Александр Машкеевич, Патох Шодиев және Алиджан Ибрагимов үштігі Трамптың девелоперлік «Bayrock» компаниясын ұзақ жылдардан бері қаржыландырып келеді екен. Әңгіме «Bayrock» компаниясының Нью-Йорк қаласында салынған «Trump SoHo» қонақ үйі туралы болып отыр. Ал «Forbes» дерегіне сүйенсек, Ибрагимовтың қоржынында қазір 1,9 миллиард доллар қаржысы бар көрінеді.

0c82572da725f58383f17d60eada9ed9

Тевфик Ариф пен Дональд Трамп

Нью-Йорктегі девелопер Тевфик Ариф «Bayrock» компаниясының негізін қалаушы, ҚазССР-да туған. 46 қабатты «Trump SoHo» қонақ үйі Дональд Трамптың жылжымайтын мүлік базасындағы ең ірі жауһары саналады.

Қазақстандағы үш олигархтың бірі – Патох Шодиев дәл осы Тевфик Арифтің «Bayrock» компаниясына инвестиция салған.  Шодиевтің жиып-тергені 1,8 миллиард доллардан асып түседі.

Одан кейін, «The Wall Street Journal» басылымы Дональд Трамптың қазақстандық мультимиллиардер Машкевичпен байланысы бар екенін анықтаған.

Жаңағы «Bayrock» компаниясының басшысы Тевфик Ариф мырзаға Қазақстан металлургиясының магнаты Машкеевич демеушілік көрсеткен (Mr. Arif’s firm, Bayrock, counted Alexander Mashkevich, a billionaire in the metals industry whose business is based in Kazakhstan, as a key funding backer, according to a document reviewed by The Wall Street Journal. Mr. Mashkevich, through a spokeswoman, declined to comment.) «The Wall Street Journal» басылымының жазуынша, ресми құжаттарда Машкеевичтің аты аталмаған. Сондықтан ол басылым тілшілеріне хатшысы арқылы қандай да бір ақпарат беруден бас тартыпты.

Сондай-ақ, «Financial Times» басылымы Дональд Трамптың  Алматының экс-әкімі, бүгінде Халықаралық іздеуде жүрген Виктор Храпуновпен  байланысын әшкерелеген материал жариялады.

«Арам ақша: Трамп және қазақ байланыстары» (Dirty money: Trump and the Kazakh connection) атты мақаланы «Abai.kz» порталы қазақ тіліне аударды. «Қазақстандық бизнесменнің отбасы жүздеген миллион долларға (ұрланған қаражаттар) Манхэттаннан Дональд Трампқа тиесілі зәулім ғимаратты сатып алған және ірі коммерциялық келісімдерге отырып, қаржы магнатының серіктестерінің біріне айналған» (Title deeds, bank records and correspondence show that a Kazakh family accused of laundering hundreds of millions of stolen dollars bought luxury apartments in a Manhattan tower part-owned by Mr Trump and embarked on major business ventures with one of the tycoon’s partners), – деп жазады Financial Times.

Нұргелді Әбдіғаниұлының шолуы, Abai.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз