Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-7
USD
523
-0.42
EUR
548
-0.97
RUB
5.06
+0.01

Трамп: АҚШ Солтүстік Корея мәселесінде дербес әрекет етуге дайын

“Қытай Солтүстік Кореяға ықпал ете алады және Пекин біздің Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы мәселесін реттеуге көмектесу, я көмектеспеу туралы бір тоқтамға келуі керек. Егер көмектессе, онда ол Қытайдың өзі үшін өте жақсы болмақ” деді АҚШ президенті.

Трамп АҚШ-тың Солтүстік Корея мәселесін Қытайдың араласуынсыз өзі-ақ реттей алатынын айтты.

Солтүстік Корея мәселесін қалай реттемексіз деген сұраққа Трамп “Оны сізге айтпаймын. Менің сізге Таяу Шығыста қай жерде соққы жасағалы жатқанымды алдын ала айтып қоятын бұрынғы АҚШ емес екенімді білесіз” деп жауап берді.

Трамп пен Цзиньпин Корей түбегіндегі жағдаймен қоса бірқатар күрделі мәселені талқылайды деген болжам бар. Сонымен қатар күн тәртібінде Оңтүстік Қытай теңізіндегі территориялық дау мен сауда мәселелері қаралмақ.

Трамп президент сайлауы кампаниясында Қытайды әділетсіз сауда-саттық саясатын жүргізіп отыр деп айыптап, қытай тауарларына импорттық салықтың көбейтілетінін мәлімдеген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз