Ермек Тұрсынов өзінің “Қарашаңырақ” кітабында кейде балаларға өте оғаш есімдер беру дәстүрі ежелден келе жатқанын айтады.
Әр дәуірдің өзіне сәйкес есімдері барын бәріміз білеміз. Әр кезеңнің өз өзектілігі бар. Бірақ менде бұл туралы бір күмән бар…
Мәселе мынада. Қандастарымның арасында сүрген бүкіл өмірімде, алған әсерден кейін басың айналатындай түрлі оқиғаларға тап болдым. Есім қоюдағы небір қиялдарды айтам.
Қазақтар бұл тақырыпқа келгенде нағыз өтірікшілер. Бұл турнирде біз бүкіл ғаламшардан басып озатынымыз айтпаса да түсінікті. Біздің жабайы ойлап тапқыштарға теңесетіндер кемде-кем. Бұл да кездейсоқ емес: ат қою тарихының тамыры тереңде және ғасырлар түнегіне кетеді.
Мысалы, “Қобыланды батыр” эпосы туралы бәріміз естіген шығармыз. Бұл халықтық фольклор білгіштерінің арқасында бізге жеткен көрнекті шығарма.
Оны бірінші болып Ыбырай Алтынсарин қағаз бетіне түсірді. Жалпы, бұл батырлық эпостыңәртүрлі нұсқалары бар. Егер қателеспесем, олардың саны отызға жуық. Бірақ қазір менің айтпағым бұл емес.
Білесіз бе, бұл тамаша шығармада Көтібар атты кейіпкер бар. Мағынасы: “оның құйрығы бар”деген сөз. (Міне, осындай архаикалық атау.) Көтібардың дені сау екеніне ешкімнің күмәні болған жоқ. Бірақ неге оны осылай атады?
Жаман ойлаудың қажеті жоқ. Мұндағы мәселе: кез-келген жігіттің, тікелей айт не, жанамалап айт не, “жұмыртқалары” болуы керек. Яғни, ол намысты және мінезді болуы керек. Ал батыр болғың келсе, онда мінезді, намысты болуға міндеттісің. Сондықтан оны солай атаған. Тек бірін екіншісіне ауыстырған: жұмыртқаны – «құйрыққа». Меніңше, жөнді. Қалай болғанда да, соншалықты ерсі емес.
Бір қызығы, оның аты құлаққа сіңіп, халық арасында тарап кетті. Содан кейін эпикалық кейіпкердің нақты прототиптері пайда болды. Солардың бірі-атақты батыр Көтібар Бәсенұлы. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліске қатысушы. Ол туралы Мұхтар Әуезов өзінің “Айман-Шолпан” пьесасында да айтқан. Сондықтан ата-анасының ниеті ақталды: бала батыр болып өсті.
Жалпы, жоғарыда айтылғандай, қазақтар ежелден өз балаларына өте үйлесімсіз есімдерді әдейі қойған. Дүлей күштердің қаһарынан сақтану үшін әдейілеп қоятын болған. Баласына көз тимес үшін.
Айта кетсек, біз әлі күнге дейін ырымшылмыз. Кез келген жағдайда: көз тию, қарғыс, сөз тию, шайтанға және т.б. бәріне сенеміз.
Ал жаңа туған нәрестелерді басқалардан қорғау үшін түрлі айла-тәсілдерді ойлап таптық. Біз оларды “сатамыз“, “сатып аламыз“, “ұрлаймыз“, “жасырамыз“. Сонымен қатар, сәбилерді барынша жамандаймыз: “Ой, қандай жаман”, “қандай қорқынышты”, “ақымақ бала”, “тьфу саған”…
Жақсы көріп, сүйсініп қалсаң бітті дей бер. Болмайды! Көз тиеді.
“Жалған” есімдерді ойлап табудың тағы бір тәсілі болды. Мұндай аттар жындар ғана емес, адамдардыда алшақтатады деп сенген. Бұл қазақтардың ат қоюды мұқият ойластырғанын тағы да растайды. Тіпті қазір де. Мен қандай есімдерді естімедімдесеңші!
Оларды естігенде тек адамдар емес, тіпті зұлым рухтар да қашып кетеді. Мысалы бізбен бірге университетте бір қыз оқыды. Ұқыпты, еңбекқор, күліп жүретін. Оның бәрі Ора дейтін. Бірінші әріпке екпін түсіретін. Жарайды, Ора болсын. Ыңғайлылық үшін атты қалай қысқартпайды дейсің. Бірде менің қолыма оның сынақ кітапшасы түсті. Онда “Базарқұлова Орындық” деп жазылған.
Орындық – бұл отыратын зат, жай ғана орындық. Құпия мағынасы неде екенін мен әлі түсінбедім. Мүмкін, ата-анасы зұлым рухтар жиһазға тиіспесін деп қыздарының атын солай қойған шығар. Шынымен, оларға орындықтың не керегі бар?
Ұшқыштар, Сарбаздар, Сержанттар, Капитандар, Генералдар, Маршалдар, Таланттар, Данышпандар, Идеалдар, Гегельдер, Меркурийлер, Арараттарға не дейсіз? Мұның бәрі қазақтың есімдері. Оқысестіледі, иә? Әсіресе қазақтарға.
Географиялық мазмұны бар бірқатар атаулар бар. Мен өзім Мадрид, Париж, Марсель, Памир және Белградты танитынмын. Қазір Берлин есімдікеремет досым бар. Менен жасы үлкен болған соңоны құрметпен– Берлин-аға деп атаймын. Әдемі естіледі! Берлин-аға.
Ақыры бастаған соң, айтқың кеп тұрады, Лондон-аға, Сеул-аға, Мумбай-аға… Цинцинатти-тәте. Неге айтпасқа?
Сондай-ақ, “атаулы” атаулар бар: мысалы, Сун-Ят-Сен. Және бірқатар тақырыптық: Карл маркс, Лениншіл, Эрнест, Шмидт, Мэлс (Маркс-Энгельс-Ленин-Сталин), Полас (Пушкин-Островский-Лермонтов-Абай-Сәбит)…
Сәбит дегені – жазушы Сәбит Мұқанов болса керек. Оның орыс әдебиетінің классиктерімен бір қатарда тұрғаны жағымды естіледі екен.
Тағы бірі – менің көкем, оның аты Тельман болатын. Жақсы адам еді. Белгілі жазушы, журналист. Тельман Жанұзақов. Өкініштісі, ерте кетті. Оны көп адам еске алады. Біздің көршіміз боп Таран есімді бала тұрды. Одан төмен, сол көшеде Шәйнек-апа тұратын. Көрші ауылда Танк есімді бала тұрды. Оның әкесінің аты Партизанболатын. Ақылға қонады – Танк Партизанұлы…
Менің “Өмірдің ұсақ-түйектері” кітабымда Эпизод есімді шопан туралы әңгіме бар. Оның ұлдарының бірі Қадыр (Кадр деп айтылады). Құжаттарда “Кадр Эпизоды-ұлы” деп жазылған. Ал Комбайнерлер, Тракторбектер, Колхозбектер, Совхозбектер, Мәскеубайлар, Тәшкенбайлар, Сайлау сияқты есімдерді қанша естідім…
Алайда, барлық осы атаулар бүгінде сәннен шықтыжәне қазіргі заманға сәйкес келмейді. Оның орнынақазір басқа есімдер шықты. Мысалы, Миллионер. Несі жаман? Әдемі ғой! Оған қоса өзекті. – Бойжеткен, сізбен танысуға бола ма? Мен Миллионермін … бұлай кез келген қызды жалт қаратуға болады.
Рас, мен әлі миллиардерді кездестірмедім. Олигархты да. Қазақи сөйлеу мәнері үшін айтуға қиын шығар. Ол қалай естіледі? Әлеғарқ па? Әлігарма? Әлеке? Мельәрдір? Білмеймін. Бірақ, әлі декеш емес.
Саяси тұрғыдан сақталған есімдер бар. Мысалы, Саммитхан. Кімнің, анығында ненің құрметіне олай қойылғанын біліп отырған боларсыз.
Бельгер маған біреуден Влавлапут есімін естігенін айтты – Владимир Владимирович Путин. Мүмкін, ондай бар шығар, бірақ мен ондай керемет есімнің иесі-қазақ екеніне күмәнім бар. Дегенмен, білесіз бе, мұндай есімнен зұлым рухтар да үркіп қашар еді.
Зұлым рухтарға қазір Сталин де әсер етпейді. Осындай логиканы ұстанатын болсақ, онда қосымша нұсқа ретінде Влаволжир есімінқолдануға болады. Оның артында кім тұрғаны белгілі. Бұл есімді естіп әзәзілдер үйіңізді де таппай қалады. Өздерінің үйлерін іздеп кетпесе…
Енді жанымызға жақынын айтайық. ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің деректеріне сәйкес, қазір Қазақстанда Нұрсұлтан есімімен 31 810 адам тұрады. Олардың тоғызы саяси тұрғыда маңызды күні дүниеге келді, атап айтқанда 1991 жылы 16 желтоқсанда.
Қазақстанның бұрынғы бірінші ханымы Сара есімімен 3 512 қыз бала аталған… Елбасы есімімен елімізде 35 адам тұрады. Тоғыз қазақстандықты Нұротан деп атаған, 11 адам-Нұрлы жол, тағы 53 адам Бәйтерек есімімен өмір сүруде. Тағы үшеуінің аты Мәңгілік және екеуінің аты Ақорда.
Қазақстанда Атазаң бірегей есімі бір адамғатиесілі. Мен оған іштей қызығамын. Бұл туралы зұлым рухтар не ойлайтынын ғалымдар әзірге анықтап жатыр. Кейбірі жымиып күледі дейді, ғалымдар емес, рухтарды айтам. Шамасы, түсінбей жүр-ау.
Жақында болған оқиғаны айтайын. Маған бір күні Бельгер қоңырау шалды да, былай деді:
– Сенесің бе, Талдықорғандық бір қазақ кісі баласын менің атыммен атағысы келеді. Рұқсат сұрап жатыр. Не дейсің?
– Оның несін ойланасыз? – дедім. – Сіздің атыңыздың Нұрсұлтаннан несі кем?
– Білмеймін,-деп күмәнданды Гера-аға,-біртүрліестіледі. Есімі ескі немісше қазақты елестетіп көрші?
– Керемет қазақ, меніңше! Түрлі есімдер бар, бірақ мұндай есім бізде әлі болған жоқ. Болсын!
– Шын айтып тұрсың ба?
– Шын айтам. Әрқашан Бельгер болсын!
Солай Гера-аға рұқсатын берді. Осылайша Герольд есімді бала дүниеге келді. Фамилиясы Өтемұратұлы. Бірақ бұл оқиға мұнымен біткен жоқ.
Екі жылдан кейін талдықорғандық Герольдтың інісіпайда болып, бақытты әкесі қайтадан Гера-ағамен байланысқа шықты. Екінші ұлын Бельгер деп атауға рұқсат сұрады. Гера-аға біраз үнсіз отырып, сосын басын қасып, қатты күрсінді де. . . рұқсат етті.
Қазір Талдықорғанда екі ағайынды-Герольд пен Бельгер тұрады. Өсіп қалған шығар. Қызық, олар кейін өз балаларына қандай ат қояр екен?