Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Төтеншеліктер қыста балық аулау кезіндегі азаматтар қауіпсіздігіне қатысты кеңестер берді

346

 

Облыстағы негізгі суқоймалардың жалпы ауданы 30 мыңнан астам шаршы шақырымды құрайды

Алматы облысының суқоймаларында адамдардың өмірін қорғау Алматы облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқару бөлімшелерімен атқарылады.

Құтқару бөлімшелері төтенше жағдайлардың алдың алу және судағы (мұздағы) зардап шеккен азаматтарға дер кезінде көмекке қол ұшын созу үшін демалушылар аса көп шоғырланатын жерлерде орналасқан. Балқаш (Лепсі кенті аумағында), Алакөл (Ақши ауылы аумағында), және Талдықорған мен Қапшағай қаласы аумағындағы суқоймаларда қауіпсіздікті қамтамассыз ету үшін, Алматы облысы ТЖД жедел-құтқару жасағына ТЖ шұғыл туындаған жағдайда жедел көмекті, жағажайдың кейбір аймақтарын ғана бақылауға алу қызметі жүктелген.

Судағы төтенше жағдайлар жылдың кез-келген уақытында болуы мүмкін, бірақ негізгі саны жаз және қыс айларында болады және көбінесе адамдардардың білместігінен, судағы (мұздағы) қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау осы жағдайларға: суға шомылу, табиғат аясында су жағалауы маңында демалу, қайықта, катерларда жүзу, серуендеу, аңшылық және балық аулау кездерінде әкеп соқтырады.
Судағы төтенше жағдайларда өзін құтқару құбылысы шұғыл жағдайларда, өмірге деген құштарлық, өзін-өзі құтқарудағы ережелерді білу әрдайым дайындықта болу болып табылады.

Күз-қыс кезеңіндегі статистикалық мәліметі көрсеткендей төтенше жағдайлар негізінде әуесқой балық аулаушылармен сонымен қатар судағы қауіпсіздік ережесін дөрекі бұзатын азаматтармен болады, белгіленбеген жерде жұқа мұздан жаяу және көлікпен, ақауы бар жеке құтқару құралдарынсыз жүзу құралдарымен өткелді өту (құтқару кеудешесі, шеңбер және т.б.), дауылды ескертуге қарамастан су айдындарына түңгі уақыттарда және мас күйінде шығушылар болып табылады.

2017 жылдың күз-қыс кезеңінде балық аулау кезінде 3 адам қаза болған, атап айтсақ қантар айында Қапшағай суқоймасында 1 адам, наурызда Арна ауылы Көтентай өзенінде 2 адам, осы кезең аралығында жасақтың жеке құрамымен балық аулау кезінде жағадан ұзап кеткен мұз үстінен 17 адам құтқарылды.

Судағы (мұздағы) адам өлімі дерегін болдырмау және алдын алу, сондай-ақ қыс кезеңінде төтенше жағдайларға тиімді әрекет ету мақсатында апатты жағажай учаскілерінде патрульдермен мұздың қатуына байланысты тұрақты түрде бақылау жүргізіледі.

Мұздың үстінен өткенде, мұзда соңғы балық аулаған кезде мына сақтық шараларын орындаңыздар:

Төтенше жағдайларды туғызатын факторлардың бірі – қапталған жұқа мұз. Бір адамды көтеретін мұздың қалындығы -7 см кем болмау керек; сырғанақ жасағанға- 12 см және одан жоғары; жаяу мұздың үстінен өтуге -15 см; автокөлікпен өтуге- 30 см аз болмау керек.

Мынаны білу керек:

– судың өзенге құйылатын жерлерінде, жылдам ағысты, бұлақтарда, суда қамыс, шөп өскен жерлерде, ағаштардың маңайында мұздың беріктігі азайған;
– егер де ауаның температурасы үш күн 0 градуста тұрса, мұздың беріктігі 25% азайады;
– мұздың беріктігін көз мөлшерімен анықтауға болады: мұздың түсі көгілдір болса – мұз мықты, мұздың түсі ақ болса – беріктігі 2 есе аз, ақшыл не сарғыш болса – мұз сенімсіз.

Егер Сіз мұз астындағы суық суға құлаған жағдайда не істеуіңіз керек:

– абыржымаңыз, қатты қимыл жасамаңыз, деміңізді сақтаңыз;
– қолыңызды екі жаққа жайып, мұздың шетінен ұстануға, денені көлденен ұстауға тырысыңыз;
– көмекке шақырыңыз: «Батып барамын!»;
– кеуденізбен мұздың шетіне сүйеніп, алдымен бір аяғыңызды, содан кейін екінші аяғыңызды қойып мұздың үстіне шығуға тырысыңыз;
– егер де мұз сынбай, үстіне шыға алсаңыз, аунап келген жағыңызға қарай өрмелеңіз, ол жақтағы мұз сіз келген кезде беріктікке тексерілген.

Қауіп төнген жағдайда, көмек қажет боп, мүмкіндік боп жатса «112» Құтқару қызметі телефон нөміріне хабарласыңыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз