Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Төреғалиді жақсы көрмеудің бес себебі

177

1. 2016 жылдың жазында Төреғали Төреәлі өзінен сұхбат алмақ болған журналистпен дауласып қалды. Оқиға Шымкент фабрикасында орын алған. Сұхбат беру барысында Төреғалидің тұрысы тілшіге ұнамай қалған. “Қолыңды түсіріп тұрсай”, – деген БАҚ өкілінің сөзі әншінің ашуына тиді. Ақырында Төреғали сұхбат беруден бас тартты. Төреғали журналисті “сенсация жасамақ болды” деп айыптады, ал БАҚ өкілі өзін ақтап алуға тырысты. Арада 1,5 жыл өтсе де, халық бұл оқиғаны әлі ұмытқан жоқ.

2. “Алло” әні жарыққа шыққан соң Төреғали мен Ерке Есмаханның танымалдылығы артты, қос жұлдызды бүкіл Қазақстан, қала берді алыс-жақын шет мемлекеттер таныды десек, артық айтқандық болмас. Алайда жұлдызды диалогтың қуанышы ұзаққа бармады. Естеріңізде болса, Төреғалидің әкесі Төреәлі Төлепов: “Ерке Есмахан Төреғалидің арқасында танылды. Қанша жыл сахнада жүрсе де, бұған дейін оны ешкім білмеді”, – деп көкірегін керді. Сол сәтте Төреәлі мырза мен Еркенің продюсері Баян Мақсатқызының ара-қатынасы бұзылды. Алло-ның жалғасы ретінде фильм түсіруді жоспарлап жүрген Баян Төреғалимен жұмыс істеуден үзілді-кесілді бас тартты.

3. Сондай-ақ, бір сұхбатында Баян Мақсатқызы Төреәлі мырзаның ашкөздігі туралы ағынан жарылған. Продюсердің айтуынша, Төреғалидің әкесі келісілген ақшаны бергісі келмеген.

4. 2017 жылдың шілде айында Төреғалидің өзімен кездескісі келетін науқас балалардан ақша сұрағаны туралы ақпарат пайда болды. Stan.kz редакциясына хабарласқан ұйымдастырушы оқиғаның мән-жайын түсіндірген еді. Ұйымдастырушы ауыр дертке шалдыққан балалармен кездестіру үшін Төреғалидің директорына хабарласқанын айтты. Сонда әншінің әкімшісі Төреғалидің жалғыз, ал балалардың көп екенін айтып ақша сұраған. Кейіннен бірінші тарап жол ақысын көтеруге келісіпті.

5. 2017 жылдың 21 желтоқсанында Төреғалидің Павлодардағы концертінде шу шықты. Әнші дөрекілік танытқан қарияға еселеп жауап қайтарды. Залдан қуып шықты, артынша жұрттан сөгіс естіді. Әріптестерінен бастап, журналист, саясаткер, тіпті министр Арыстанбек Мұхамедиұлына дейін Төреғалиді сынға алды. Билік өкілі шара қолданамын деп уәде берді. Әншінің әндері радиодан алынып тасталды. Әзірге жұртты шулатқан оқиғаның немен аяқталары белгісіз. Бір анығы, Төреғалидің бұл қылығын жұрт біразға дейін сөз етеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз