Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Тоңазытқыштан табылған егіздер ағасының әрі қарайғы тағдыры белгілі болды

Алматы денсаулық сақтау басқармасы, денсаулықты қорғау бөлімінің басшысы Әсел Бисенбаеваның айтуынша, Медеу аудандық ІІБ қызметкерлері тапқан бала тастанды ретінде тіркелген.

«Денесінде аса ауыр жарақаты жоқ бала үй ауласынан табылды. Ұлты еуропалық, дені сау. Бала айтқанды түсінеді, бірақ сөйлемейді. Психикалық кідіріске шалдыққан. Қазір онымен неврологтар айналысып жатыр, жасы, шамамен, екіде. Ем қабылдап болған соң, оны оңалту терапиясына жібермек ойымыз бар, әзірге құжаттары дайындалып жатыр», – дейді Әсел Бисенбаева.

Мамандардың пікірінше, баланың кеш сөйлеуіне онымен тілдеспеген ата-анасы кінәлі болуы мүмкін.

«Ауруханада ұзақ болмайды. Соттың шешімін күтеміз, мүмкін, тергеушінің бақылауымен балаға келіп тұратын туыстары табылып қалар. Әзірге, баланы бүлдіршіндер үйіне дайындаймыз», – деп түсіндірді Бисенбаева.

Еске сала кетейік, тоңазытқышқа салынған екі бүлдіршіннің мүрдесі 11 қыркүйек күні Алматыдағы жалдамалы пәтәрлердің бірінен табылды. Дәл сол күні олардың 34 жастағы анасы Алла Волченкоға іздеу салынды. Кешкі уақытта балаларды өлтірген болуы мүмкін деген ер мен әйел қолға түсті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз