АҚШ-тың Луизиана штатында мектеп кеңесінің отырысында ұстаздардың жалақысына шағымданған мұғалімге кісен тағылды, деп хабарлайды РИА Новости.
Басылым жазғандай, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Дэйша Харгрэйв (Deyshia Hargrave) кеңес мүшелеріне ашумен жалақының төмен екенін айтып шағымданған. Мұғалім отырыста белгіленбеген тәртіпте сұрақтар қойыпты. Кезекші офицер оған ескерту жасап, кейін дәлізге шығуды сұраған. Залдан шыққаннан кейін ол әйелді жерге жығып, қолына кісен таққан.
Оқытушы билік өкіліне қарсылық көрсеткені үшін түрмеге қамалды. Заңгерлер тексеру жүргізуде.