Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
26
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

Токио олимпиадасы: Қазақстан таныстырылымына арнайы кимоно тігілді

276

Фукуока префектурасындағы кимоно тігу мен сату компаниясының президенті Йошимаса Такакура 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына қатысушы елдерді таныстыратын дизайны ерекше кимоно тігу идеясын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен қатысушы елдердің делегация басшылары Токиодағы Олимпиаданың ашылу салтанатында кимоно киіп, ұлттар шеруінде жүріп өткенін көргім келеді», – дейді Такакура.

Суреттер мен өрнектерді таңдаумен айналысатын топ кимононың матасы арқылы мемлекетті таныстыру үшін әр елдің мәдениетін, климатын және табиғи сұлулығын жан-жақты зерттеген.

Мысалы, Қазақстанды таныстыратын матаның дизайнын 2016 жылы Кумико Мачида жасаған. Орталық Азияның кең байтақ даласында шауып бара жатқан аттың бейнесі – Қазақстанның қайсарлығының символы іспеттес. Сол жақтағы жоғарыда орналасқан дөңгелек күн табиғатымыздың байлығын көрсетеді. Сондай-ақ, кимонода Қазақстанның кең байтақ даласы, өткен Astana Expo-2017 көрмесінің символы – жел диірмен көрсетілген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз