Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-10
USD
515
-0.96
EUR
537
-0.28
RUB
5.18
+0.01

“Қызғаншақпын!” Тоқтар әйелін қатты ұстайды екен

222

Тоқтар Серіков

“Көбіне мені ойлайды, мынау әйеліне қатып қалған біреу екен, өз айтқанын ғана орындатады деп. Жоқ, олай емес. Мен әйеліме өте жұмсақпын. Өз әйелімді еркелете алмасам, несіне еркекпін?

Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с) айтқан:

«Әйелдеріңді құрметтеңдер, сыйлаңдар, ардақтаңдар. Ол Аллаһтың сендерге берген аманаты»

деп.

Біріншіден, ол – маған Алладан берілген аманат, ол менің отымды жағып, кірімді жуып, тамағымды істеп беру ғана емес, ел қатарлы жүргізуге қақым бар.

Бірақ

тайраңдатып, құрбыларымен қосылып, сауналарда демалып жүргенін қаламаймын.

Ондай ортаға жібермеймін де. Өзі де қызықпайды. Өзі қызықпаған соң, ол дүниенің шешілуі оңай болады. Көбінесе, екеуміз үйде бірге жүргенді жақсы көреміз.

Жасырмаймын, ол болмаса, таңғы ас батпайды маған. Қарын тоқ болып тұрса да, маған шайды өзі құйып беруі керек. Ол жасандылық емес.

Мен өмірімдегі жан жолдасыма, досыма ашпаған сырымды осыған ашамын. Ол менің сіз білмейтін кем-кетік тұстарымды, қыңыр мінездерімді, жақсы жақтарымды да біледі. Менің бүкіл бүкпесіз дүниемнің сырын білгеннен кейін қалай мен бұл кісіге ағынан жарылмаймын?

Шамам жеткенше, бір кісідей еркелетем еркелететін жерде, қабақ түйетін жерде түйемін, қызғанатын жерде қызғанамын. Себебі әйелін қызғанбайтын доңыз ғана шығар.

Өз әйелімді бір кісідей қызғанамын. Қызғанбаған еркек Жәннатқа кірмейді дейді.

Қызғанғанда кім көрінгеннен емес. Ашық киінсе немесе тырысқан киім киіп ел алдында билеп жүрсе, соған қызғанамын. Әйеліме артық ешкімнің көзі түспеуі керек”, – деп ағынан жарылды Тоқтар Серіков.

Оның бұл сөзін Бейбіт Сейдуалиева да қоштады.

“Қыздар айтады, мен жоқ болып қалсам, қабақ деген түйіліп, шай да ішпей қояды екен”, – дейді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз