https://kaz.365info.kz/ykhk-arnajy-operatsiyasy-kezinde-khyrykhtalgan-tokhmadidin-khyzy-ne-dejdi-266608
Қару-жарақ белгілі бизнесменнің әпкесінің үйінен де шықты. Туысының айтуынша, «Макаров» және «ТТ» маркалы тапаншаларды тағы бір ағайыны Бекен Иманқалиев әкеп берген. Ал оны жұмсаған Мұратханның өзі екен. Қару тасыған қызметі үшін Бекен темір тордың арғы жағын көріп те қайтыпты. Бүгінде ағасымен ат құйрығын кесіскен Бекен Мұратханның 90-шы жылдары қалай көтерілгенін былай еске алады.
-Басқа амалым қалмады. Маған айтқаны, «сенімен сөйлескім келмейді, отбасыңызды, балаларыңызды ойлаңыз» деді. Бұл нағыз сатқындық еді. Оның ісін бұзақылық, рэкетирлік әрекет деуге болады. Ол тек адамды қорқытып, қажет болса қинап барып өзіне керегін алатын.