– Шоу-бизнес өкілдері арасында тоқал алу көбейіп келеді. Ал сіздің тоқал алуға көзқарасыңыз қандай?
— Меніңше, тоқал деген біртүрлі кемсітіп айтылған сияқты. Екінші, үшінші жар деп айтыңыз. Қазақта тоқал деген сөздің реңкі жаман. Әдетте тоқал деп мүйізі жоқ сиырды айтады. Тоқал деген сөз құлаққа түрпідей тиеді.
– Өзіңіздің қанша жарыңыз бар?
— Құдай берген көп жарым бар. Сіз айтқандай, бесеуге жетпейді. Одан аз. Мұнымен қатар, мына мәселені айтқым келіп тұр. Жұрт жақында “Бекболат өзінің 11 баласы бар екенін мойындады” деп шулады. Осы тұста Бекболатқа тағы да жала жабылды. Менде 11 емес, 14 бала бар.
Sputniknews.kz-ке сұхбатынан үзінді.