Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Тоқал — бұл ашына емес, оларға ресми мәртебе қажет — әлеуметтанушы

648

Тоқалдың болуы (екінші әйелі, бейресми — ред.) — қазақстандық қоғам үшін сирек емес. Алайда, әлеуметтанушы Тимур Айсауытовтың пікірінше, соңғы уақытта осы ұғымға түрлі түсініктерді теліп жүргендер бар.

Тоқал деген кім?

– Дәстүрлі мағынада, Орталық Азия халықтарының мәдениеті аясында

тоқал — бұл толыққанды екінші әйел. Бірақ бүгіндері бұл түсінік өзгеріске ұшырап барады. Көбі ашыналарды тоқал деп атай бастады

Оларды ашына дегенде көбі қорланып қалады. Марқұм әкем (70 жасында дүниеден өтті) атамның үшінші әйелінен туған баласы болатын. Бұрын бірнеше әйел алу қалыпты саналатын. Барлығы бірге тұрған, дәстүрлі мағынада бұл толыққанды отбасы болды, — дейді Айсаутов.

Қазіргі қоғамда ашыналар институты айтарлықтай нығайды. Әлеуметтанушының айтуынша, біздің қоғамда екінші әйел — тоқал — шамамен 5-10% құрайды. Қалғаны ашыналар.

“Жексенбілік” әйел

— Толыққанды екінші әйелін ер адам ата-анасымен, отбасымен таныстырады және оның туыстарымен танысады. Ол екінші әйелі мен ортақ балаларды күтіп-бағу бойынша жауапкершілік пен міндеттемелерді өз мойнына алады. Бұл ретте ол екі әйелін де теңдей көреді: ақшаны да, уақытта да екеуіне теңдей бөледі.

Егер ол екінші әйелін толыққанды қамтамасыз етпей, тек ара-арасында ақша беріп, басқалардан жасырса, онда ол тоқал саналмайды

Тіпті шариғат бойынша оны екінші әйел деп атауға болмайды. Кейбіреулер ашыналарын екінші әйелі ретінде көреді. Бірақ “жексенбілік әйел” дін тұрғысынан да, дәстүр тұрғысынан да дұрыс емес. Ер адам әйел тағдырын бұзып, оған жалған үміт береді. Некеден тыс балалар пайда болады, моральдық құндылықтар бұзылады, неке институты зардап шегеді. Ара-тұра “жексенбілік әкені” көріп өскен баланың әлемге деген көзқарасы басқа болады, — деп есептейді Тимур Айсаутов.

Ажырасудан гөрі жақсы

Ара-тұра ашынамен кездесіп тұрғаннан тоқал алу әлдеқайда дұрыс, деп есептейді Айсауытов.

— Өмірде бәрі болады: ер адам әйелі бола тұра, басқа бір аруды сүйіп қалады, бұдан бір де бір отбасы сақтандырылмаған. Әдетте, мұндай жағдайларда әйелі орта жаста болады, бұрыңғыдай тартымды емес. Ер адам жас әйелге кетіп қалады.

Менің субъективті пікірім: ажырасқаннан гөрі тоқал алған жөн

Бірақ соңғы сөзді бірінші әйелі айтуы тиіс: ол өзара қарым-қатынастың осындай үлгісіне келіспеуі мүмкін. Зайырлы қоғам заңдарында да, ислам дінінде, дәстүр бойынша да, оның күйеуінің шешімін қабылдауға, не қабылдамауға толық құқығы бар, — дейді сарапшы.

Балалар үшін

Бірақ, Қазақстан өзін зайырлы ел ретінде ұстанатынын ескере отырып, заңнамалық тұрғыда тоқалды әйел ретінде рәсімдеу мүмкін емес.

— Бірақ көп ғасырлық дәстүрге байланысты, тоқал институты бүкіл әлемдегі ашыналар институты сияқты жоғалмайды. Ал бұрын біздің қоғамда бірнеше әйел алу қалыпты болса, қазір де мұны заңды түрде шешуді ұсынамын. Ол үшін ислам қоғамы болу міндетті емес, бұны зайырлы мемлекет шеңберінде де заңдастыруға болады.

Мысалы, кейбір дамыған елдерде жезөкшелік заңдастырылған. Ал бізде тоқалды заңдастырайық!

Мұны ең алдымен балалар үшін жасау керек. Әйтпесе, көп жағдайда балалардың құқығы шектеліп жатады, — деп есептейді Тимур Айсаутов.

Тоқал алғың келсе — көп ақша тап!

Оның пікірінше, егер ер адам тоқал алуды шешсе, жауапкершілікті түсініп, бәрін тамақтандыруға тура келетінін түсіну керек.

— Әйел отбасын асырауға міндетті емес, бұл ер адамның жауапкершілігі.

Егер ол екінші, үшінші, төртінші әйел алуды шешсе, оларды және олардың балаларын асырау үшін материалдық база болуы тиіс

Әйтпесе екінші әйелін жалдамалы пәтерге апаратындар бар. Жауапкершілікті сезініп, отағасы ауырып қалуы мүмкін екенін түсіну керек. Сондай жағдайда оның әйелдерін және балаларын асырайды? Сондықтан, тоқал алмас бұрын, ер адам аяғынан нық тұруы керек, – дейді әлеуметтанушы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз