Өзін ірі кәсіпкердің тоқалы деп таныстырған Дана есімді бойжеткен аш әйел болудан тоқ тоқал болған артық екенін түсінгенін айтады.
Қазақстандық интернет қолданушыларының арасында өте танымал Yvision.kz блог-платформасында Дана (Dana1992) есімді қолданушының блогы қызу талқыға түсті.
Астанадан Алматыға жұмыс бабымен келген кәсіпкермен танысқан бойжеткен, бірнеше кездесуден кейін оның отбасылы екенін біледі. Алайда қарым-қатынасын үзбейді, “көңілдесім бол” деген ер адамның ұсынысын қабылдап, ерке тоқал қалағанын жасататын жағдайға жетеді.
“Әйелге тән қалауымның барлығын оңай-ақ аламын. Сөмке, туфли немесе одан да қымбатырақ затты ала аламын. Осы уақыттан бері көлік алдық, шетелде демалдық. Оның көмегімен бір бөлмелі пәтерімді жаңадан салынған үйдегі пәтерге ауыстырдық. Әрине, жөндеуін де өзі көтерді. Оның тонналап сыйлап жатқан әшекей-бұйымдары жайлы айтудың өзі артық” деген көңілі тоқ тоқал өзі қатарлы жас жігіттерге тек жас кезінде қызыққанын, қазір отбасылы болса да, қалталы азаматтардың ұнайтынын айтады.
“Ересек еркектерде ақша да бар, ақыл да бар, әйелдермен өзін қалай ұстау керектігінен тәжірибе де жеткілікті”, – деп жазады Дана.
“Түсінесіздер ме, оның Астанада миын жейтін әйелі, ығырын шығаратын бала-шағасы бар. Ал маған Алматыға келгенде ләззатқа батып демалады. Біз оның отбасы, жұмысы туралы талқылаймыз. Арнайы жерлерге қолтықтасып бірге барамыз. Сондықтан оған екі әйелмен де ыңғайлы деп ойлаймын” деп жазады тоқал дана.
https://kaz.365info.kz/m-ndaj-b-jbisheni-alaj-tastajsy-to-al-filminde-basty-r-ldi-somda-an-aktrisany-t-tti-suretteri-241156
Және көңілдесі Астанада өз отбасының жанында болған кезінде басқа жігіттермен көңіл көтеретінін жасырмаған бойжеткен бұл ісіне ұялмайтынын да ашық айтты.
Желі қолданушыларының бір тарапы бойжеткенді ақылға шақырса, енді бір тарапы қолдайтындарын білдірген. Тіпті арасында бұл әңгіменің өтірікке құрылғанын айтатындар да бар.
https://kaz.365info.kz/al-kerek-bolsa-tanymal-aza-stan-aruy-atyshuly-t-leshovty-to-aly-bol-an-foto-226982